• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтанда қалалық акселератор жобасы таныстырылды

1036 рет
көрсетілді

iKOMEK қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы – Қалалық акселератор жобасын таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, яғни 8 сәуір күні әкімдікте өткен аппараттық жиында iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қала активіне Қазақстандағы алғашқы инновациялық тәсіл – Қалалық акселератор жобасын таныстырды. Оның көмегімен қалалық билік қаланың жүйелі түйткілдерін елорда тыныс-тіршілігінің кез келген мәселелеріне (қоғамдық көлік, құрылыс, абаттандыру, білім, денсаулық сақтау және т.б.) қатысты 100 күн ішінде шешуге уәде беріп отыр. 

Айтып өтетін жайт, бұл жаңа бөлімше, тіпті жаңа компания емес, бұл бұған дейін iKOMEK109 қалалық орталығы аясында құрылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жоба кеңсесінің жаңа функциясы. 

Қалалық акселератор Rapid Results Institute (RRI) әдіснамасына негізделген. RRI – 2007 жылдан бастап жұмыс істейтін, күрделі әлеуметтік түйткілдер шешімдері мен нәтижелерге қол жеткізудің іске асырылуын қолдау бойынша халықаралық ұйым. RRI жобаларды БАӘ, АҚШ, Ұлыбритания, Ирак, Иордания, Непалда, Кенияда табысты іске асыруда. 

Еліміздегі алғашқы елордалық қалалық даму акселераторы шұғыл мерзім ішінде қала дамуының басты мәселелері бойынша жұмыс тетіктерін әзірлеу және оларды сынау үшін әкімдіктің басты қызметкерлері, сыртқы сарапшылар, белсенді азаматтар тартыла отырып, әкімнің орынбасарлары мен әкім жетекшілік ететін штаб құруға саяды. Жұмыс тобы жобаны идеядан түбегейлі іске асырғанша және жоспарланған нәтижеге қол жеткізілгенше сүйемелдейтін болады. 

Жүйелі түйткілдерге мониторинг жүргізудегі негізгі құралдардың бірі елорда тұрғындарының iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығынабағыттаған өтініштері негізінде нақты уақыт тәртібінде құрылған Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі. Бұл Панель 

Қалалық даму акселераторы зерттейтін қаланың жүйелі түйткілдері туралы дереккөздердің бірі. Бүгінгі таңда қаланың ең көп таралған түйткілдері: ашық құдықтар,қаңғыбас жануарлар, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, су басу, қарды/ мұзды тазалау, көше жарығы, жасыл желектерді күтіп-ұстау, масаны, шіркейлерді жою мәселелері. 

Қалалық даму акселераторының екінші кезеңін осы жылдың маусымында бастау жоспарланып отыр. Ол сонымен қатар қаланың басқа да жүйелі түйткілдерін шешуге бағытталатын болады. Қалалық даму акселераторын құру қысқа уақыт ішінде тиімді шешімдер әзірлеуге және жылдам нәтижеге қол жеткізуге, сонымен қатар халықты қалалық түйткілдерді шешуге тартуға көмектеседі.