• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Сәуір, 2019

Елордада ХVІІІ Халықаралық «Yeleu cup» футзал турнирі өтеді

1049 рет
көрсетілді

Турнирде 300-ге жуық қатысушы бақ сынайды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында 12-14 сәуірде XVIII Халықаралық  «Yeleu cup»  футзал турнирі өтеді. Шара «Сайран Арена» спорт кешенінде Қазақстан Футбол Федерациясы (ҚКФ), Астана Футбол Федерациясы (АФФ)  және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілмек. 

Қазіргі таңда бұл – Қазақстанның ең үздік жарыстарының бірі. Бұл жарысқа Рудный, Актау, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Орал, Алматы, Шымкент, Семей, Нұр-Сұлтан қалаларынан, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның негізгі лигаларынан 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. 

Аталмыш турнир 2002 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Ең алғашқы жарысқа Ақмола қаласының құрамалары ғана қатысқан болатын. Әр жыл сайын жарыстың деңгейі көтеріліп, адамдардың да қызығушылығы артып келеді.