Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасы Франция командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған оқу-жаттығу жиыны «К-1 Premier League Rabat open» рейтингілік турнирінің қарсаңында өткізіліп отыр. Аталған Премьер Лига турнирі олимпиадалық рейтингте 100 пайыз ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Бірлескен-оқу жаттығу жиынына Қазақстан атынан 10 спортшы қатысуда.
Олар:
Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (-68 келі), Софья Берульцева (+68 келі);
Дархан Асаділов (60 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі), Дидар Әмірәлі (-67 келі), Ермек Айназарова (75 келі), Игорь Чехмарев, Данияр Юлдашев (84 келі).
«К-1 Premier League Rabat open» турнирі 17-22 сәуір аралығында өтеді. Ал жаттығу жиындары 17 сәуірге дейін жалғаспақ.