• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Сәуір, 2019

«Самұрық-Қазына» құны 4,8 миллиардтық 15 жобаны жүзеге асырды

1009 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қор іске асырып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелері жайлы хабардар етті.
А.Есімовтың айтуынша, Мемлекет басшысы атап өткен әлеуметтік бастамалардың барлық бағыттарын Қор белсенді түрде іске асырып жатыр.   

Қазірге дейін  Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазынаға» кіретін барлық компаниялардың атынан жалпы құны 4,8 миллиард теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр.

Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан 100-ге жуық балаға шетелде емделуге қаржылай көмек көрсетілді. 1400-ге жуық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетілді.

Еліміздің 11 облысының елді мекендерінде 41 әмбебап спорт және ойын алаңы орнатылды. 60 коммерциялық емес ұйымның 120 өкіліне қосымша білім және кеңес беру арқылы көмек көрсетіледі, оның ішінде 50 ұйымға өз әлеуметтік кәсіптерін дамытуға қаржылай грант берілді. 

«Медициналық пойыздар» жобасы аясында Республиканың алшақ бекеттерінде тұратын 60 000-нан астам адамға биыл білікті дәрігерлер диагностика жасап,  ем көрсетеді.