6-7 сәуір күндері Линьянода (Италия) дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогі мәресіне жетті. Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте үздік төрттікке енді деп хабарлайды Olympic.kz
Жарыстың бірінші күнінде 48 келіге дейінгі салмақта финалға қазақстандық қос дзюдошымыз шықты. Ғалия Тынбаева мен Ақмарал Науатбек арасындағы тартысты бәсеке қосымша уақытта Ғалия Тынбаеваның жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде, Ғалия Тынбаева алтыннан алқа тақса, Ақмарал Науатбек күмісті місе тұтты.
Сондай-ақ, 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Мөлдір Нарынова ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды. 52 келіге дейінгі салмақта күрескен Ақмарал Ерназар жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмегенімен, шешуші сәтте қарсыластарына есе жіберіп, кубоктік доданы 5-ші орынмен аяқтады.