• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2019

Алматы саяси науқаннан қалыс қалмайды

917 рет
көрсетілді

Алматы қаласы қоғамдық кеңесі мүшелері ел тарихындағы елеулі оқиғадан тыс қалмайтынын айтты. Кеңес төрағасы Рахман Алшанов Қазақстанның тұрақты дамуы үшін саяси доданы жеделдетіп өткізудің маңызы зор екенін, осы сайлаудан үлкен үміт күтетінін, болашағымызды, ертеңімізді, ұрпақтарымыздың ертеңін айқындайтын, айдында жүзген кемеміздің бағытын айқындайтын көшбасшы керек екенін айтты.

«Бұл біз күткен жағдай еді. Енді 9 маусымда барлық күшті жұмылдырып, халық болып жаңа президентті таңдауға тиіспіз. Бүкілхалықтық заңды сайлау өткізудің, заңды президент сайлап алудың  дәл осы жерде тарихи мәні бар », -деп атап өтті Рахман Алшанов.

Рахман Алшанов, сөз арасында осындай саяси науқан кезінде аймақтар орталықтан шалғай орналасқан аймақтар Алматы, Астана тәрізді бас қалалардағы көзқарасқа қарап көшін түзейтінін айтып өтті.  «Біз, қоғамдық кеңестің мінберінен спикерлердің пікірін халыққа жеткізуге мүмкіндік беруге дайынбыз», -деп сөз кезегін дипломат, қоғам қайраткері Икрам Адырбековке берді.

Икрам Адырбеков  ең алдымен, 2019 жылдың 19 наурызынан бергі елдің қоғамдық саяси өмірдің барометртіндегі өзгерістерге тоқталып өтті. Дипломаттың пайымдауынша, «елде алдағы өмір қалай болады?» деген алаң көңіл бар.  Осындай күрделі кезеңде  биліктің ауысуын заңдастырып алу  керек. Уақытша билікті шет ел мойындамайды.

«Қазір халықаралық құқықты айнадай мөлдір деп ешкім айта алмайды. Халықаралық құқық бұзылды.  Алпауыт елдер халықаралық талаптарды белден басып, үстемдігін орнатуға тырысып жатыр.  Әлемдік экономика сыр берді. АҚШ экономикасы 2018 жылды 6 пайыздық өсіммен аяқтады. Егер, экономика 7 пайыздан түсіп кетсе, мемлекет бюджетті үнемдеуге тырысады. Үнемдеу жұмыс орындарын, әлеуметтік төлемдерді қысқарту деген сөз

«Бұл 28 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қытайдың да алыс-жақын елдерге деген инвестициясы кейінге шегеріліп жатыр. Біз осындай кезде билік ауысты. Дәл қазір тұрақтылықтың және сенімнің маңызды екенін біз білеміз», -деп атап өтті  Икрам Адырбеков.

Одан әрі спикер қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ширек ғасырдан бері білетінін айтып өтті.  

«Қасым –Жомарт Тоқаев алдағы сайлаудың әділ және ашық өтетініне кепілдік берді.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты өз орнына тағайындағанда оның осы талаптар үдесінен шыға алатын қайраткер екенін айтты. Сенім білдірді. Осындай қиын кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім білдірген дұрыс шығар», -деп сөзін түйіндеді  Икрам Адырбеков.

Ал кезекті спикер Сергей Пономарев қазақстандықтар үшін бұл жолғы таңдаудың салмағы ауыр екенін айтты. Себебі Елбасы , Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан   Назарбаев әлемдік деңгейде мойындалған тұлға. «Сондықтан бұл жолы қателесуге болмайды», -деп сөзін түйіндеді Сергей Пономарев.

АЛМАТЫ