• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2019

Облыс атынан өнер көрсетеді

958 рет
көрсетілді

Түркістан қаласындағы Мә­дениет үйінде «Бала да­уысы» ұлттық балалар ән байқауының 4-ші мау­сы­мының іріктеу кезеңі өтті. Музыкалық және шы­ғар­машылық дарыны бар балаларды анықтап қолдау көрсетуді, олардың шы­ғармашылық әлеуетін жү­зеге асыруға, бола­шақта та­лап-қабі­леттерін дамытуға кө­мек­те­суді мақсат еткен бай­қау­ға облыстың әр түкпі­рінен 100-ден аса бала қа­тысып, бағын сынады.
Жобаның авторы әрі бас про­дюсері Әлия Назарбаева, ұйым­дастырушысы «Жандану әлемі» мен Тұңғыш Президент Қор­лары болып саналатын елі­міздегі ең ауқымды балалар ән байқауында қазылар алқасы жас дарындарға түрлі бағыттағы әндерді айтқызып, дауысы мен вокалдық қабілеттерін сы­нады. Қазылар алқасының құра­мын­дағы музыкалық продюсер Фа­рида Ниязова және таны­мал қазақстандық орындаушы Бал­жан Бидаш киелі өлкенің жас дарындар арасынан үздік дауыс иесін анықтауда кәсіби пікірлерін білдірді. Сөйтіп Тө­­ле­би ауданының орталығы Лең­гірдің кішкентай тұрғыны Мей­рамбек Шалxарбай бай­қаудың ақтық кезеңіне жолдама алды. Жобаның тәлімгері Бал­жан Бидаштың айтуынша, 11 жастағы Мейрамбек сың­ғыр­лаған дауысымен, музыканы мінсіз ұғыну қабілетімен таң­ғалдырған. Оның ерекше әртістік қабілеті де көпшілікті сүйсіндірді. Жобаның ақтық кезеңінде Түркістан облысының атынан өнер көрсететін Мей­рамбек енді күзде еліміздің бас­қа аймақтарының жеңім­паз­дарымен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі.  «Бала дауысы» байқауының ұйымдастырушысы Тол­­­ға­най Ха­сеннің айтуынша, су­­пер­фи­налға дайындалу мақ­­сатында балалар вокал, хо­реография және әртістік қабі­леттерін арттыратын сабақтарға қатысады. Ал 25-27 қазан күн­­­дері жобаның ақтық бағдар­ламаларында өнер көр­сетіп, байқауға арнайы жа­зылған ән­дерді орындайды. Яғ­ни, әрбір балаға авторлық ән жазылады. Байқаудың соңында 17 фи­на­листің қатысуымен концерт, мю­зикл өткізіледі. Ал «Бала дауысы-2019» байқауының жеңімпазы му­зыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен сиқырлы Диснейлендке саяхат жолдамасын ұтып алады.  Түркістан облысы