• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2019

Түмендіктер Балқашты таңдады

956 рет
көрсетілді

Балқаш курорттық аймағы еліміздегі туристік картаның таңдаулы ТОП-10 нысандарының қатарына енеді. Жыл сайы­н аталған көлге келіп шомылушылар қатары артып, ол тіпті көрші Ресей мемлекетінің саяхатшыларының да қатты қызығушылығын тудырып отыр.
Қазақстан мен Ресей ара­сындағы XV аймақаралық ынты­мақтастық форумы аясында қара­ғандылық және ресейлік тур­операторлар ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасты. Бұл құжат бойынша биылдан бас­тап Ресейдің Түмен облысының туристері Балқаш көліне келіп демалатын болады. Олар үшін әзірленген тур бағдарламасында Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жасау және Балқаш көліне трансфер қарастырылған. Бағдарлама үйлестірушілері ресейліктерді жаңа туристік маршрутта көзделген жаймашуақ күн мен жайлы жағажай ғана емес, сонымен қатар тартымды бағалар да қызықтырады деген сенімде. Түмендіктер тү­сетін негізгі нысан ретінде Шұ­бартүбек және Тораңғылық демалыс аймақтары белгіленген. Сондай-ақ аталған форум­да туризмді дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер де тал­қыланды.  Бүгінгі күнде туризмді да­мы­ту мемлекеттік бағдар­ла­масы б­о­йынша Балқаш көлі ма­­ңын­да жаңа нысандар салу, жағажайларды абаттандыру, коммуникацияларды жүргізу сынды кешенді жұмыстар қолға алынған. Биыл ұзындығы 360 шақырымды құрайтын төрт жолақты «Қарағанды – Балқаш» автобанының құ­рылысын бастау да жоспарда бар. ҚАРАҒАНДЫ