• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2012

Сындарлы сынақ ішкі істер және қаржы полициясы органдарында өтпек

288 рет
көрсетілді

Сындарлы сынақ ішкі істер және қаржы полициясы органдарында өтпек

Сенбі, 5 мамыр 2012 7:36

Мемлекет басшысының «Қа­зақстан Республикасы құқық қор­­ғау органдарының қызмет­­кер­лерін кезектен тыс аттестаттау туралы» Жарлығына сай келелі сынақтан өту дайындығы барлық құқық қорғау органдарын қам­тып отыр. Солардың ішінде атқа­ратын жұмыс ауқы­мы мен сан және сапа жағынан өзгелерінен оқ бойы бұрын кө­рі­нетін ішкі іс­тер органдары бойынша 71 мың­нан астам қызмет­кер аттес­тат­тау­ға қатыспақ. Бұл аз сан емес. Дегенмен, жасыратыны жоқ, бұлар­дың арасында «бір қарын майды шірітіп жат­қан бір емес, талай құмалақ­тар­дың» бар екені бе­лгі­лі. Сон­дық­тан, ондайларды та­уып, жүйеден аластату да оңай ша­руа емес. Осы орайда аттес­таттау жүргізу бұл мәселені түп­кілікті шешу­дегі ең бір оңтай­лы амал болып отыр.

 

Сенбі, 5 мамыр 2012 7:36

Мемлекет басшысының «Қа­зақстан Республикасы құқық қор­­ғау органдарының қызмет­­кер­лерін кезектен тыс аттестаттау туралы» Жарлығына сай келелі сынақтан өту дайындығы барлық құқық қорғау органдарын қам­тып отыр. Солардың ішінде атқа­ратын жұмыс ауқы­мы мен сан және сапа жағынан өзгелерінен оқ бойы бұрын кө­рі­нетін ішкі іс­тер органдары бойынша 71 мың­нан астам қызмет­кер аттес­тат­тау­ға қатыспақ. Бұл аз сан емес. Дегенмен, жасыратыны жоқ, бұлар­дың арасында «бір қарын майды шірітіп жат­қан бір емес, талай құмалақ­тар­дың» бар екені бе­лгі­лі. Сон­дық­тан, ондайларды та­уып, жүйеден аластату да оңай ша­руа емес. Осы орайда аттес­таттау жүргізу бұл мәселені түп­кілікті шешу­дегі ең бір оңтай­лы амал болып отыр.

Бүгінде еліміздің кейбір заң­намалық актілеріне әртүрлі заң­намалық актілердің нормалары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалардың арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқы­лықтарды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізілді. Бұл заң бұзу­шы­лық­тар­мен күрес жүргізетін құ­қық қор­ғау органдарына жауапты міндет жүктейді. Олардың заңға сай іс­те­рі де тәртіпке түсуі тиіс. Демек, заңнамаға сәйкес еңбек өтіліне және атқарып отырған лауазымдарына қара­мас­тан ішкі істер органдарының барлық қыз­меткері кезектен тыс аттестат­тауға жатады. Елбасы жанында­ғы Жоғары аттестаттау комиссиясы сүзгісі­нен ішкі істер орган­да­рының 173 басшысы өт­пек. Олар қолданыс­тағы заңдар­ды бес сау­сақтай бі­луге тиіс және дене шынық­тыру, атыс қаруын меңге­ру дайындық­тары қаралып, пси­хологиялық тес­ті­леуге түседі. Аттес­таттау 14 мамырдан басталады. Сөйтіп, ал­ғашқы топтың сынағы 9 маусымда аяқталады. Бұл аттестаттаудан қандай нәти­же шығады, соған байланысты әрі қарайғы төменгі буындардағы іс барысы жалғасын таппақ. Егер жоғары басшылықта отырғандар­дың ара­­­сындағы жұрт білетін лауазымына сәйкес емес оқалы ки­імді шенділер орынта­ғы­нан айырылатын болса, аттестат­таудың мәні кірмек. Сондықтан, «Баяғы жартас – бір жартас» дегендей, бәрі таз қалпында қалмаса екен дей­міз. Сынаққа екі рет келмеген қызметкер ішкі істер органынан шеттетіледі.

Сол сияқты Президент Жар­лығына сәйкес қаржы полициясы органдары қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудан өт­кі­зуге де қызу дайындық жүр­гі­зі­луде. Мұнда аттестаттаудан өте­­тін қызметкердің жұмысы, еңбек өтілі мен тәжірибесіне сәйкес қой­ылған міндеттерді ат­қа­руға қатысу деңгейі және жұ­мысының күрделілігі, нәтижесі мен тиімді­лігі ескеріле отырып лауазым талаптарына қанша­лық­ты сәйкес келетіндігі сараланып, адамгер­ші­лік тұлғасын сипаттайтын кә­сі­би және жеке қасиеттері бағаланады.

Аттестаттауды өткізудің бас­ты мақсаты қаржы полициясы орган­дарының кадрлық құра­мын қо­ғам­ның талаптарына сай өзінің қызметтік міндеттерін ти­ім­ді атқа­ра алатын қызмет­керлермен қа­­­лыптастыру болып отыр. Аттестат­тауды өткізу кезінде шы­­найы­лық, заңдылық, ашық­тық қағида­ларын қатаң ұстануға және та­мыр-та­ныс­тық пен бір­жақ­тылық­қа жол бермеуге баса назар аударылады.

Мұнда аттестаттау бірнеше кезеңде жүзеге асырылатын болды. Әуелі оны өткізуге дайын­дық, сосын қызметкерлердің ел заңда­рын білуін және логикалық ойлау қабілетін анықтау үшін компью­терлік тестілеу болып, дене шы­нық­тыру, әскери және қызметтік дайындық бойынша бекітілген нормативтерді тапсыру мен пси­хологиялық тұрақ­ты­лықты анық­тау үшін әңгімелесу өтеді.

Жалпы аттестаттауға қаржы полициясының 3194 қызметкері жатады. Оның ішінде: Жоғары аттестаттау комиссиясына – 73 қызметкер, олардың қатарына Төрағаның бірінші орынбасары, Төрағаның орынбасарлары, агент­тік аппаратының басшысы, орталық аппараттың департамент бастықтары, облыстардағы, Ас­та­на және Алматы қалаларын­дағы қаржы полициясы депар­та­менттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, Қаржы полициясы академиясының бас­ты­ғы бар. Орталық аттестаттау комиссиясына 479 қызметкер кіреді. Олар орталық аппарат қызметкерлері, тағайындауы мен жұмыстан босатуы агенттік номенклатурасына енетін қаржы полициясының аумақтық орган­да­рының қызметкерлері. Ал ау­мақтық аттестаттау комиссияларынан 2610 қызметкері өтеді.

Аттестаттауды өткізу кезінде ашықтық пен шынайылықты қам­тамасыз ету және заң бұзушылық деректерінің алдын алу мақса­тын­да комиссиялар жұмыста­ры­на азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдерін қа­ты­стыру жоспарланып отыр. Жо­ғары аттестаттау комиссиясында өтетін қаржы полициясы қызмет­керлерінің заңнаманы білуін тексеруге арналған тестілеу Мем­ле­кеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте 5 нормативтік-құқық­тық акт бойынша жүргізіледі. Оған Конституция, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қаржы полициясы органдары туралы» заңдар кіреді.

Қаржы полициясы органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу барысын көр­сету мен оның ашықтығын қам­тамасыз ету мақсатында Агент­тіктің www.finpol.kz ресми веб-сайтында «құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» атты айдар ашыл­ды. Бұл айдарға келіп түсе­тін өті­ніштер Қаржы полициясы агент­ті­гіне және Президент Әкім­ші­лі­гіне жолданады. Арыз иесінің аты-жөні жарияланбайды. Әрбір келіп түскен ақпарат тексеріледі және аттестаттық ко­миссия­лар­дың жұ­мысында еске­­рілетін болады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,“Егемен Қазақстан”