• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2019

«Үйдегі дәрігер» қашықтықтан кеңес алуға мүмкіндік береді

1097 рет
көрсетілді

«Үйдегі дәрігер» орталықтары қазірдің өзінде қалалықтарды медициналық ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, жүкті әйелдерге, бір жасқа толмаған балалары бар аналар мен мүгедектігі бар жандарға қашықтықтан кеңес алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы «Жағалау» шағын ауданында осындай атпен отбасылық денсаулық орталығы жұмысын бастады. Ол мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ашылған болатын. Мақсат – тұрғындардың бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақын жерден алуын қамтамасыз ету. 

Тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан бөлмеде терапевт, педиатр дәрігері, процедуралық, вакцинация, алғашқы жәрдем және емдеу кабинеттері бар. Олардың барлығы қажетті медициналық жабдықпен жабдықталған. 

«Мұндай орталықтар қала емханаларындағы жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Орташа есеппен алғанда емханалар 50 мың адамға дейін қабылдауы тиіс, бірақ туу мен көші-қон процестерін ескере отырып, бұл көрсеткіш нормадан 1,5-2 есе асады. Біздің орталықтарымыз қолжетімділікті, үлкен кезектерді жоюды, сондай-ақ пациенттерге қысқа мерзімде кәсіби медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді», – деді «Салауатты Астана» ЖШС-нің директоры Лейла Ишбаева. 

Бұл емхана Нұр-Сұлтан әкімдігі 2019-2023 жылдарға әзірлеген бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін (бұдан әрі - БМСК) дамыту тұжырымдамасының бөлігі ретінде ашылды. Тұжырымдама қаланың тұрғын аудандарында «Үйдегі дәрігер» ықшам объектілердің ашылуы арқасында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісін одан әрі дамытуды көздейді. Осы уақыт аралығында осындай 51 орталық ашылады деп жоспарлануда. Олардың 11-і 20 минуттық жерде медициналық мекемесі жоқ тұрғын алаптарда, 40-ғы 2023 жылға дейін тұрғындар санының ең көп өсуі күтілетін 9 тұрғын үй алабында бой көтеретін болады. 

«Үйдегі дәрігер» орталықтарында бірінші кезекте адамдарға алғашқы көмек және кеңес беретін учаскелік дәрігерлердің болуы маңызды. Цифрландыруға көшу арқылы біз азаматтарға жаңа технологиялардың артықшылықтарын жеткізгіміз келеді. Мысалы, науқас дәрігермен қашықтықтан кеңес ала алады. Бізде WhatsApp арқылы сөйлесу бөлмелері бар, олар арқылы жүкті әйелдерге, бір жасқа толмаған сәбиі бар аналарға, мүгедектерге кеңес береміз. Барлық сұрақтарға бөлім меңгерушісі, дәрігер және бас медбике жауап береді», – деді Лейла Ишбаева. 

Жыл аяғына қарай Нұр-Сұлтанда тағы 30 «Үйдегі дәрігер» орталығы пайда болады деп күтілуде.