Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қаладағы көп қабатты үйлердің сыртқы тұрпатын сәулеттік және эстетикалық талаптарға сәйкестендіруге көмектесу үшін жергілікті құрылыс компаниялары басшылығына өтінішпен шыққан болатын.
Қала кәсіпкерлері бұл ұсынысты қабыл алып, туған өлкесін абаттандыруға кірісіп кетті. Осы қайырымды азаматтардың көмегімен былтыр да 100-ге жуық көп қабатты үй толық жөндеуден өткен болатын.
Биылғы жылы осы жұмыстардың жалғасы ретінде «Сыр-Ана» монументінің аумағы қайта абаттандырылады және қаланың ең басты көшесі - Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойынан қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне, жайлы демалуына ыңғайлы жағдай жасалған аллея салынатын болады.
Жалпы, Қызылорда қаласына ұзақ уақыттан кейін келген қонақтар қаланың тез өскеніне, сәулетінің артқанына және тазалығына сүйінішін білдіреді.