Дзюдодан Қазақстан мен Франция жастар құрамасы Алматы облысында АІВА спорттық базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.
20 сәуірге дейін жалғасатын жиынға 80-ге жуық спортшы қатысуда.
«Қазақстан тарапына бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуге мұрындық болып, біздің шақырғаны үшін алғыс айтамын. Аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов пен Айбек Имашевтің біздің спортшыларға да үйретері көп деп ойлаймын. Мұндай жиындар спортшылар арасындағы достықты нығайтып, үлкен тәжірибе жинақтауға көмектеседі», - дейді Франция жастар құрамасының бапкері Стифан Фримонт.