Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:19
Тұңғыш рет өтіп тұрған Заңгерлер съезі заңгерлер үшін жағымды жаңалық болып отыр және үлкен жауапкершілік те жүктейді. Әрине, еліміздің құқықтық дамуы үшін заңдардың әрдайым уақыт талабына қарай жетілдіріліп отырғаны мақұл. Демек, бұл съезд заңнаманы жетілдірілуге және адамдар құқығының қорғалуына, заңдардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосады.
Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:19
Тұңғыш рет өтіп тұрған Заңгерлер съезі заңгерлер үшін жағымды жаңалық болып отыр және үлкен жауапкершілік те жүктейді. Әрине, еліміздің құқықтық дамуы үшін заңдардың әрдайым уақыт талабына қарай жетілдіріліп отырғаны мақұл. Демек, бұл съезд заңнаманы жетілдірілуге және адамдар құқығының қорғалуына, заңдардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосады.
Еліміз тәуелсіздігін алған 20 жылдың ішінде Қазақстан құқықтық жағынан көп алға дамыды. Қазақстанда қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық ұлыстың өкілдері, яғни Қазақстан азаматтары ешнәрсеге зәру емес. Ата заңымыз оларға адамның бақытты болуы үшін өмір сүру, оқу, демалу, еңбек ету сияқты барлық құқын берді.
Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес ұлттық заңнамаларды жаңғырту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Біздің елімізде құқықтық жүйенің негізі – әркімнің конституциялық құқығы болып табылады. Биліктің демократиялық ұстанымдары заңнамалық, атқарушылық және сот тармағына бөлініп, айқындыққа ие болды. Сонымен бірге, олардың қызметі бірімен бірі байланысты. Ел Конституциясына және де өзге заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне орай, мемлекеттік билік жүйесіндегі мемлекеттік органдардың орны мен атқарар рөлінің маңызы арта түсті.
Қазіргі уақытта атқарушы биліктің барлық құқық саласындағы жаңару үдерісіне қатысуы өзекті істің бірі болуда. Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардың барлығында бүгінгі ықпал етіп отырған заңдар бірнеше мәрте түзетуден өтті, соған сәйкес түрлі шаралар жүзеге асты. Ескірген, тиімділігі азайған нормалар алынып тасталды. Мұның барлығы да еліміздің құқықтық өсу жолындағы жасалған жұмыстың көрінісі деуге болады. Біз озық елдердің қатарынан көрінуіміз үшін заңдық және құқықтық нормаларды барынша реттеп, оларды жетілдіруіміз керек. Сол үшін алдағы уақытта норма шығармашылық қызметті дамыту және оны сапалық деңгейге көтеру үшін қажетті шаралар жүзеге асырылатын болады. Ол дегеніміз – болашаққа заңдық-жобалық қызметті жоспарлау, нормативтік-құқықтық актілер жобасының ғылыми сараптамасын енгізу.
Жанар ҚАЖЫҒАЛИЕВА,
Қостанай облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы.