• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2012

Тергеу тобы жұмыс істеуде

308 рет
көрсетілді

Тергеу тобы жұмыс істеуде

Жұма, 1 маусым 2012 8:29

30 мамырда «Шығыс» Шекара қызметі өңірлік басқармасы Үшарал шекара отрядының «Сарыбөктер» шекаралық застава наряды тауда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимаратына тап болған. Мұнда жаз кезінде 15 шекарашы қызмет атқарады.

Кеше Астанада өткен брифингте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Тұрғанбек Стамбеков хабарлағандай, оқиға орнында Шекара қызметінің директоры генерал-майор Нұржан Мырзалиев басқаратын Бас әскери прокуратура мен ІІМ өкілдерінің және мамандарының қатысуымен оперативті тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі кезде бекетке жақын орналасқан аңшылық шаруашылық қызметшісінің (егерь) денесін қоса алғанда, 13 адамның күйген денелері табылған.

Шекара қызметі, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары күшімен шұғыл іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

«Егемен-ақпарат».