Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:04
2010 жылдың 20 шілдесі күні түсте менің ұялы телефоныма белгісіз нөмірмен бір ер адам қоңырау шалып, Астана қаласындағы Алматы аудандық ішкі істер бөліміне тезірек келіп, қызымды алып кетуді бұйырды. Ештеңеге түсінбеген соң сол нөмірге қайта қоңырау шалып едім, телефонды көтермеді. Артынша жолдасыма қоңырау шалдым, телефоны сөндірулі екен. Өз-өзіме келе алмай, Алматы аудандық ішкі істер бөліміне келдім. Бірақ, кезекші полиция мені ішке кіргізбеді. Бір сағаттан аса уақыт өткенде бір жас жігіт жоғарыдан қызымды жетектеп алып келе жатқанын көрдім.
Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:04
2010 жылдың 20 шілдесі күні түсте менің ұялы телефоныма белгісіз нөмірмен бір ер адам қоңырау шалып, Астана қаласындағы Алматы аудандық ішкі істер бөліміне тезірек келіп, қызымды алып кетуді бұйырды. Ештеңеге түсінбеген соң сол нөмірге қайта қоңырау шалып едім, телефонды көтермеді. Артынша жолдасыма қоңырау шалдым, телефоны сөндірулі екен. Өз-өзіме келе алмай, Алматы аудандық ішкі істер бөліміне келдім. Бірақ, кезекші полиция мені ішке кіргізбеді. Бір сағаттан аса уақыт өткенде бір жас жігіт жоғарыдан қызымды жетектеп алып келе жатқанын көрдім. Қызымның бет-ауызы ісіп, әбден жылағаны көрініп тұр. Өз-өзіне келер емес. Папаң қайда, деп сұрасам, оны қамап тастады деді. Қолымнан келер шара болмаған соң, қызымды алып үйге қайттым. Сол түні сағат 12-ден асқанда жолдасым үйге қоңырау шалды. Өзіне Д.Жарков деген біреуді өлтірді деген күдікпен айып тағып отырғанын және таңертеңнен бері қинап, қылмысты мойындайсың не болмаса басқа шара қолданамыз деп қоқан-лоқы жасап жатқаны туралы айтты. Сол мезетте қоңырау үзіліп кетті. Ертесіне Е.Ыдырысов деген кісіні қорғаушы ретінде жалдап, жолдасыммен кездестірдім. Е.Ыдырысов жолдасыма істі мойындай сал, бір-екі рет тептім деп айта сал, кейін сені Қылмыстық кодекстің 257-бабымен шығарып аламын деді. Соған сеніп қалған жолдасым А.Тешебаев сол кісінің айтқандарын айтып, істі насырға шаптырып алды. Жолдасымның осылай айтқанын қажет етіп тұрған тергеуші, сол сөзді қағып алып, Қылмыстық кодекстің 103-бабы 2-тармағы бойынша айып тағып жіберді.
Шілденің 22-сі күні түстен кейін ішкі істер департаментінен қоңырау шалып, айтылған жерге келуімді сұрады. Сол жерге келсем, мені тексеріп, ұялы телефонымды, сөмкемді алып, үйге тінту жүргізетінін айтты. Олар үйге келіп, тінту жұмыстарын жүргізіп, жолдасымның аяқ киімін, спорттық киімдерін сараптамаға алып кетті.
Содан кейін, істі жүргізіп жатқан Астана қалалық ішкі істер департаментінің тергеушісі М.Өмірбаевқа барып, қоғамдық қорғаушы болуым үшін қаулы шығаруын өтіндім. 2010 жылдың қазан айында №2 Алматы аудандық сотында судья Д.Нұрмағамбетовтің төрағалығымен сот процесі жүргізілді. Ол істі қайта қарауға жіберді. Оның себебі, Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-тармағы бойынша іске қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты оларды да жауапқа тарту керек екен. Бірақ, тергеуші М.Өмірбаев қылмыстық істі еш өзгеріссіз сотқа қайта жолдады. 2011 жылдың шілде айында сол №2 Алматы аудандық сотының судьясы Есимова істі екінші рет қайта тергеуге жіберді. Дегенмен, менің жолдасыма қатысты осы істі тергеуші Өмірбаев менің жолдасымның конституциялық құқығына нұқсан келтіре отырып, істі орыс тілінде жүргізді. Тешебаевтың мемлекеттік тілде түсініктеме беруіне қарсы болды. Себебі, Өмірбаев қазақша білмейтіндігін алға тартып, істі орыс тілінде жүргізетінін айтты.
Сөйтіп, жолдасыма қатысты іс Астана қаласының арнайы мамандандырылған қылмыстық істер қарайтын сотына жіберіліп, оны судья Ермеков жүргізді. Сотта М.Бирмаханов, А.Те, А.Гончаренко, С.Павленко сияқты куәгерлер өз сөздерін айтты. Оның ішінде А.Гончаренко Рысбекке қарсы ешқандай кінә қоя алмады. Ал қалғандары көрмеген нәрселерін айтып, өтірік куә болды. Соның ішінде Данияр Күленбаев менің жолдасым Рысбектің Д.Жарковтың өліміне қатысы жоқ екендігін, оны тергеуші Өмірбаев қорқытқаны туралы айтып берді. Соның кесірінен жалған куә болғандар, әркім өз жағдайын ойлап, кінәсіз адамға жала жауып отыр. Куәгер Д.Күлембаев кінәсіз адамға 14 жыл кесілгеніне, өзінің берген жалған айғақтарына өкініп, қазіргі уақытта тиісті органдарға арыздар жазуда. Дегенмен, сотта оның айтқандары қаперге де алынбады. Сонда, сот-тергеу органдары үшін адам тағдырының ойыншық болғаны ма?
Айгүл БАСЫҒАРАЕВА,
қоғамдық қорғаушы.