Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Швейцарияның Лугано қаласындағы WTA Samsung Open турнирінің финалына жетті деп хабарлайды Olympic.kz. Ол жұптық сында өнер көрсеткен.
Воскобоева мен ресейлік Вероника Кудерметова ақтық сында Румыния спортшыларына есе жіберген. 1 сағат 5 минутқа созылған финалдық сын 6:1,2:6, 8:10 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.
Финалға дейін Воскобоева мен Кудерметова үш ойында жеңіске жеткен болатын.