• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2019

Қазақстан делегациясы Еуропа Кеңесі Парламенті Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты

989 рет
көрсетілді

Қазақстан Респуликасы Парламентінің делегациясы Страсбургте өткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты.

Делегация құрамына ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев енген болатын.

Сессия аясында қазақстандық делегация ЕКПА Хатшылығының парламентаралық ынтымақтастық және сайлауын бақылау департаментінің басшысы Ш.Шахбазянмен (Франция), БАҚ және ақпараттық қоғам кіші комитетінің төрағасы, «Социалистер, демократтар және жасылдар тобы» ЕКПА саяси фракциясының өкілі М.Торнармен (Швейцария), «Еуропаны қолдаушылардың либералдар мен демократтар альянсы» ЕКПА саяси фракциясының өкілі Д.Чукломен (Испания), ЕКПА делегациясының басшысы, «Еуропа халық партиясы» фракциясының президенті Э.Зингереспен (Литва), Еркін демократтар тобының мүшесі А.Шелечпен (Сербия), ЕКПА Саяси мәселелер және демократия комитетінің мүшесі, ЕКПА делегациясының басшысы С.Сеидовпен (Әзірбайжан) және басқаларымен келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық сенаторлар еуропалық әріптестермен Қазақстанның саяси үдерістерін кеңінен талқылады және еліміздің сыртқы саяси бағыты мен демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуды қолдайтындарын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы кезектен тыс сайлауына ерекше мән берілді. Ш.Шахбазянның сөзіне қарағанда осы шешім жалпыға ортақ демократиялық стандарттарға сәйкес билікті бейбіт және заңды түрде берудің үлгісі болып табылады. Ол биылғы 9 маусымдағы президенттік сайлау барысында ЕКПА байқау миссиясының Қазақстанға келуі жоспарланып отырғанын хабардар етті.

Қазақстандық парламенттік делегация сондай-ақ Ассамблеяның саяси мәселелер және демократия комитетінің отырысына қатысты. Отырыста ЕКПА ұлттық делегациялар қызметінің тәртібі мен ресімдеріне түзетулер енгізу, сондай-ақ Еуропа Кеңесіндегі қаржы дағдарысын еңсеру мәселелері талқыланды.