• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2012

Заңсыз өнімдердің зардабы

386 рет
көрсетілді

Заңсыз өнімдердің зардабы

Жұма, 15 маусым 2012 6:51

Алкогольдік өнімдер мен спирттің заңсыз айналымы елдің экономикасына айтарлықтай залал келтіреді және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, деді кеше өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат ЖҰМАНБАЙ.

 

Жұма, 15 маусым 2012 6:51

Алкогольдік өнімдер мен спирттің заңсыз айналымы елдің экономикасына айтарлықтай залал келтіреді және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, деді кеше өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат ЖҰМАНБАЙ.

2010 жылдан бастап қар­жы полициясы органдары алкогольдік өнім және спирт­­тің заңсыз айналымына байланысты 435 қылмыс­тық іс қозғаған, оның 412-і сотқа жолданды. Алкоголь­дік өнімдердің астыртын айналымының негізгі бөлігін спирттік ішімдіктерді сақтау мен сату саласындағы заң­сыз кәсіпкерлік құрайды. Заңсыз алкоголь нарығынан 1,5 млн. спирт құйылған бөтелке алынды. Олардың басым бөлігі жасырын цехтарда антисанитарлық жағ­дайда жасалады. Аталған кезеңде осындай 37 заңсыз цехтің қызметі әшкереленді. Көп жағдайда спирттік ішімдіктерді қолдан жасаумен және оны әрі қарай сатумен ұйымдасқан қылмыстық топтар айналысады.

Қаржы полициясы орган­дарының жедел-тергеу тә­жірибесі көрсеткендей, этил спирті арақ-шарап өнімін қолдан жасаудағы басты компоненттерінің бірі болып отыр. Қаржы полициясымен заңсыз айналымнан алынған этил спиртінің мөлшері 248 мың литрді құрады. Спирт­тік ішімдіктерді қолдан жасауда қылмыскерлер жалған есеп маркаларын пайдаланады. Заңсыз айналымнан         1 млн. 430 мың жалған есеп маркалары алынды. Алко­гольдік және спирттік ішім­діктердің заңсыз айналымын әшкерелеу бойынша жұмыс жалғасуда.