Ауданға қарасты қырық шақты ауылда 30 мыңдай халық болса, Красноармейкада 7 мыңдай халық тұрады. Ауылда «ҚазАгроИнновация» АҚ құрамындағы ауыл шаруашылығы институты жұмыс істейді. Осы күнге дейін Красноармейка агро колледжі, Красноармейка орта мектебі деп аталып келді. Мектепте 400-дей оқушы, ал колледжде 540 студент оқиды. «Серпін» бағдарламасымен оқып, білім алып жатқан оңтүстіктен келген 100-дей жас бар.
Біз бұған дейін газетімізде балаларымызға елдік мақсат-мүдде, патриоттық тәрбие беру үшін мектептің, колледждің аты-жөндерінің мән-мағынасын дұрыстап берейік, «Ауылдан да, мектептен де Красноармейка атауы алынса» деген бірнеше ой салар мақалалар жаздық та.
Жуырда 1954 жылы Красноармейка атауын алған, сол атаумен 65 жыл өмір сүрген ауыл Кемеңгер атауына өзгерді.
Кемеңгер ауылы атануына Алпысбай Шалабаев, Жоламан ата, Жарылғасын Қожеке, Қожина Қапиза, Сейсембай Қалиев, Хамиден Сәрінжіп, Оразбай Әбілқасым сияқты үлкендер бастама көтеріп, оны ауыл тұрғындары жаппай қолдады.
Павлодар облысы, Павлодар ауданы