Отырыста мынадай қаулылар қаралып, қабылданды:
1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қол қою парақтарын дайындау туралы;
2. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қол қою парақтарын беру және оны қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру мерзімдерін қысқарту туралы;
3. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қол қою парақтарын тексеру барысында сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану негіздері жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы;
4. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы».
Бірінші, екінші және үшінші қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихданов ұсынды. Екінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Сапарқызы Мұстафина сөз сөйледі.
«Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды және олардың растығын тексеруді ұйымдастыру туралы»
«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабының 1-тармағына сай сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
Осы заңның 3-тармағына сәйкес Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституцияда және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей Орталық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді. Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауы тиiс. Тізілімге сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарына Республика сайлаушыларының жалпы саны 11 млн. 814 мың 19 адамды құрайды. Осылайша, Президенттікке кандидатты кемінде 118 мың 140 сайлаушы қолдауы тиіс.
Президенттікке кандидатты қолдап қол жинау үшін қол қою парағының үлгісі Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілді. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және оған кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның сенім білдірілген адамының жеке қолы, қол жинаушы адамның тегі, аты және әкесінің аты, қол жинау жүргізілетін елді мекеннің атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы өмірбаяндық мәліметтерді қамтитын бағандар енгізілуге тиіс.
Кандидаттардың өздеріне сайлау науқанын өткізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгіт жүргізетін, кандидаттардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары болуға құқығы бар. Кандидаттар сенім білдірілген адамдарды өз қалауы бойынша тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды. Өз кезегінде, олар тиісті сайлау комиссиясына сенім білдірілген адамдар болуға өз келісімі туралы өтініш береді. Аумақтық сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәлік береді. Сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқаратын тұлға бола алмайды. Сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес сенім білдірілген адамдар қол жинауды ұйымдастыру мақсатында тікелей сайлаушылар қолын жинайтын басқа да адамдарды тарта алады.
Қол жинаушы адам қолдарды жинаған кезде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұрған кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс. Қол жинайтын адам қол қою парағына міндетті түрде өзінің жеке қолын қояды. Қол жинаушы адамдарға қосымша заңнамалық талаптар белгіленбеген.
Президенттікке кандидатты қолдап қол жинау жөніндегі толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол 10 күндік мерзімде паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып, қойылған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, Президенттікке кандидатты қолдайтын қолдардың дұрыстығын тексеру нәтижелері туралы тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді.
«Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды және олардың дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру туралы» қаулымен Орталық сайлау комиссиясының қол қою парақтарын беру мерзімдері 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды, ал қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру мерзімі екі есеге 10 күннен 5 күнге дейін қысқарды.
Осылайша, сайлауды ұйымдастырушылар ішкі рәсімдерді өткізу мерзімдерін қысқарту есебінен сайлау процесіне қатысушылардың іс-шараларына арналған уақытты ұлғайтады.
«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы»
2017 жылғы 5 қазандағы Орталық сайлау комиссиясының отырысында бекітілген сайлау процесінің ұйымдастырушылары мен басқа да қатысушыларын электораттық оқыту тұжырымдамасына сәйкес электораттық оқытуды ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету міндеттері қойылып, іске асырылды. Осылайша, 2017 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістермен, сондай-ақ 2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтырулармен. Сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жөніндегі құқықтық базалық негізі салынды.
2017 жылдан бастап әзірленген Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында электораттық оқытумен электораттық процесті ұйымдастырушы мемлекеттік қызметшілердің мынадай санаттарының өкілдері қамтылды: облыс әкімдерінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері және олардың орынбасарлары, әкімдер аппараттарының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары, ішкі және жастар саясаты, мәдениет, тілдерді дамыту басқармаларының басшылары.
Осы жобаның серіктестері әкімдіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Кәсіби даму институты және Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессия аралық қатынастарды зерттеу орталығы болды. Қорытындысында 2018 жылғы 8 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы мен Мемлекеттік басқару академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
2,5 жыл ішінде Жол картасы шеңберінде Ортсайлауком 62 оқыту іс-шараларын (дәрістер, семинарлар, тренингтер, вебинарлар, жазғы мектептер) өткізді, онда 14 610 қатысушы мен сайлау процестерін республикалық және өңірлік деңгейде ұйымдастырушылар оқытылды.
Электораттық оқыту жүйесінің негізі сайлау жүйесінің барлық деңгейлері бойынша сайлау процесін ұйымдастырушыларды оқытудың әзірленген каскадтық әдісі болды.
Оның мәні - оқыту бірнеше кезеңде, Ортсайлаукомнан - республикалық деңгейде, учаскелік сайлау комиссиясына дейін жүзеге асырылады.
Каскадтық оқытудың бірінші кезеңінде ОСК кәсіптік негізде жұмыс істейтін АСК мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған тренерлері және мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдарының өкілдері үшін жылына екі рет оқыту семинарларын өткізеді.
Келесі кезеңдерде Ортсайлауком оқытқан аумақтық сайлау комиссияларының (АСК) босатылған мүшелері мен сертификатталған тренерлер төмен тұрған комиссиялардың мүшелерін оқытады.
Осылайша, 2017-2018 жылдары Ортсайлауком сайлау заңнамасымен сайлау және халықаралық байқауды ұйымдастыру ерекшеліктері, сайлаушылар тізімдері, мүгедектердің сайлау құқықтарын іске асыру бойынша бес Республикалық оқыту семинарларын өткізді. ЕҚЫҰ-ның Нұрсұлтан қаласындағы бағдарламалар Офисі және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау, парламентаризм және демократияны дамыту мониторингі халықаралық институты бірлескен ұйымдастырушылар болды.
Кәсіби негізде Ортсайлауком тапсырысы бойынша әзірленген, екі сайлау науқаны: Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау бойынша оқу-әдістемелік кешендер оқытудың әдістемелік базасы болды.
Аумақтық сайлау комиссиялары ОСК электрондық сертификаттарын беретін, әзірленген және енгізілген қашықтықтан оқыту және тестілеу (ҚОТ) жүйесін пайдалануға ерекше назар аударуы қажет.
Бұл оқыту түрі сайлау жүйесі сайлау комиссияларының 70 мыңға жуық мүшесін қамтитынын ескерсек, өте ыңғайлы.
Тестілеуді қашықтықтан оқыту ҚР ОСК интернет-сайтының платформасында жүзеге асырылды, білім алушыны компьютерлік жүйеде авторизациялауды; жұмыс тәртібімен танысуды; білім алушының оқу материалын өз бетінше зерделеуді, практикалық тапсырмаларды орындауды; зерделенген тақырыптар бойынша тестілеуді көздейді. Қашықтықтан оқыту курсын сәтті аяқтағандар ҚР ОСК - ның электрондық сертификаттарын алады.
Бұл ретте ОСК облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары сайлау комиссияларының мүшелерін бейнеконференцбайланыс режимінде (БКБ) тұрақты негізде өткізілетін онлайн-кеңестер шеңберінде сайлау науқанының нақты кезеңдері бойынша оқыту практикасын да жалғастырады.
Осылайша осы сайлау науқынында каскадтық оқытуды іске асыру жөніндегі кейінгі алгоритм мынадай жоспарды көздейді:
а.ж. сәуір аяғына дейін – аумақтық сайлау комиссияларының барлық жаңа мүшелерін электораттық оқытуды аяқтау;
мамырдың аяғына дейін – барлық тізбеленген оқыту түрлерін пайдалана отырып, учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін оқыту.
Бұдан басқа, мамырда Орталық сайлау комиссиясы ОСК мүшелерінің және аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өңірлерде семинар-кеңестер ұйымдастыратын болады.
Осы аптадан бастап ОСК сайтында учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бақылаушыларына, шетелдік БАҚ өкілдеріне, ҚР Президенттігін кандидаттары үміткерлеріне және олардың сенім білдірген адамдары, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жаңартылған әдістемелік құралдар орналастырылатын болады.
Дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыруға арналған әдістемелік құралдар мен ақпараттық-түсіндіру материалдарының баспаханалық нұсқалары өңірлерге жеткізілетін болады.
ОСК дауыс беру күні сайлау ұйымдастырушыларының жұмысы туралы оқыту фильмін дайындауға тапсырыс берді, ол интернет-ресурста қолжетімді болады. Ал ел аумағында интернет орналасқан сайлау комиссияларының қатысушылары үшін қатты дискідегі нұсқа берілетін болады.
Сайлаушылармен ақпараттық, түсіндіру және жұмылдыру сипатында жұмыс істеу үшін үлкен көлемді роликтер дайындалуда.
Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңейтілген отырыс қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.