• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2012

Астана абыройын асқақтатқан елордалық құқық қорғаушылардың еңбегі ерен

384 рет
көрсетілді

Астана абыройын асқақтатқан елордалық құқық қорғаушылардың еңбегі ерен

Жұма, 22 маусым 2012 8:26

Ел азаматтарының асқақ арманы астанамен астасып жатқан­дықтан жаңа елордамыз Астана алымы асқар шыңдардан асып түсті. Бұл бүгінгі халқымыздың арманы мен үкілі үмітінің шын­дыққа ұласып, еліміздегі тең­дессіз ұлы істердің нақты куәсі болғандығының бір парасы деп білеміз. Оның айшықты дәлелі асқаралы астанамыздың абыро­йын күн санап сындарлы іс-әре­кеттерімен әр салада асқақтатып жатқан түрлі ұйымдар мен ме­ке­мелердің, жекелеген адал адам­дардың қызметі екендігі сөзсіз.

Жұма, 22 маусым 2012 8:26

Ел азаматтарының асқақ арманы астанамен астасып жатқан­дықтан жаңа елордамыз Астана алымы асқар шыңдардан асып түсті. Бұл бүгінгі халқымыздың арманы мен үкілі үмітінің шын­дыққа ұласып, еліміздегі тең­дессіз ұлы істердің нақты куәсі болғандығының бір парасы деп білеміз. Оның айшықты дәлелі асқаралы астанамыздың абыро­йын күн санап сындарлы іс-әре­кеттерімен әр салада асқақтатып жатқан түрлі ұйымдар мен ме­ке­мелердің, жекелеген адал адам­дардың қызметі екендігі сөзсіз. Соның бір сарасы, онсыз әлем­дегі бірде-бір мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени-әлеумет­тік келбеті қалыптаспайтын, яғни тіршіліктің тыныштығына қай­­­­нар көз болатын құқық қорғау органдарының міндетін ойдағы­дай атқара алуы. Міне, сол елі­міздің елордасындағы ер­ен ең­бек­ті көре білген еуро­па­лық мем­лекеттер бұған ерек мән беріп от­ыр. Әйтпесе, әлемде небір ша­­­­hар­­лар бар екенін несін жасырамыз.

Еуропалық мемлекеттердің ең жоғары дәрежедегі өкілдері Астана қаласында бірнеше мәрте болып, Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен өткен ха­­лық­­аралық дәрежедегі ірі шара­лар­дың ұйымдастырылуы мен қау­іпсіздіктің жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін көріп, біл­ді. Мұндай еліміздің беделін ас­қақтататын халықаралық шаралар аз өтіп жатқан жоқ. Сон­дық­тан да болса керек, Болгария елінің астанасы Софияда өткен «ХХІ ғасырдағы полицейлер қызметі – жаңа белестер мен тың шешімдер» атты 34-ші жыл са­йынғы халықаралық конферен­ция­ға тарихта тұңғыш рет Қазақ­стан да шақырту алды.

Аталған конференцияға елі­міз­дің тұңғыш рет қатысуымен қатар, бұл жиынның тағы бір ерекшелігі, мұнда еуропа мемле­кеттері астаналарының полиция бастықтары ғана бас қосты. Сон­дықтан да конференцияның ашы­лу барысында оның жаңа мүшесі ретінде Қазақстаннан келген өкілдерді, яғни біздің делегация жетекшісі Астана қаласы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровті қошеметпен таныстырудан басталды. Үлкен жиын Қазақстан жетістігін паш етуге арналғандай әсер қал­дыр­ды. Оның нақты дәлелі Болга­рияның ішкі істер министрі Цветан Цветанов өзінің баяндамасында Қазақстан жеткен же­тістіктермен қатар бүгінгі таңда Астана әлемге танылған қалаға айналды деп жария етті.

Астанада халықаралық ма­ңы­зы зор қоғамдық-саяси шаралар көптеп өтіп жатқандығы және олардың қауіпсіздігі жоға­ры деңгейде қамтамасыз еті­ле­тіндігі айтылды. Халықаралық конференцияға қатысушылар Қа­зақстандағы аз уақыттың іш­інде мұндай қол жеткен жетіс­тіктер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік және саяси, экономикалық салалар­да­ғы сындарлы саясатының ар­қа­сында ғана жүзеге асқанына қызығушылық танытты.

Тұтас бес күнге созылған бұл ауқымды да абыройлы жиында делегаттар өз елдерінің елордаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті мәсе­лелерд­і ортаға салып, тәжіри­белерімен бөлісті. Қазақстан­дағы мұндай озық істер барысы өзге делегаттарды да қызық­тыр­ғандықтан Астана қаласы ішкі істер департаментінің ба­с­ты­ғы қатысушылар алдында сөйлеу құрметіне ие болды. Ол баяндамасында елорда полиция­сы қызметін баян етті. Қазақ­стан қылмыспен тек ел аума­ғында ғана емес, сонымен қа­тар халықаралық деңгейде де күрес жүргізуде. Сонау өз тәу­ел­сіздігін алған жылдардан бас­тап Қазақстан қылмыспен кү­рес­те өзара құқықтық көмек көр­сету саласында бірқатар ма­ңызды халықаралық шарттар мен келісімдерге қосылды.

Қазақстан жемқорлықпен, транс­ұлттық ұйымдасқан қыл­мыс­пен және басқа да халықаралық қыл­мыспен күресте мемлекеттердің көпқырлы ынтымақтастық негізін құрайтын шарттарды ратификация­лады. Астана қаласына бар-жоғы 14 жыл. Бірақ соған қарамастан Астанада жыл сайын ірі қоғам­дық-саяси, спорттық және басқа да маңызды халықаралық шаралар өткізілуде. Мәселен, 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қаты­су­шы елдердің саммиті өтіп, оның қорытындысы бойынша Астана ЕҚЫҰ декларациясы қабылдан­ды. 2011 жылы Қазақстан астанасы 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізді. Сол кезде астаналық полицейлер келген қонақтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұсынысы бойынша тарихта тұңғыш рет 2003 жылдан бастап Астана қаласында, үш жыл са­йын, Әлемдік және дәстүрлі дін­дер­ көшбасшыларының съезі ша­қырылуда. Үсті­міз­дегі жылы 30-31 мамырда Ас­тана қала­сын­да Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылар­ы­ның IV съезі өтті. Оның жұмы­сына 45 елден ке­лген 70-ке жу­ық делегация қаты­сты.

Міне осындай шаралар кезін­де астаналық полицейлер ресми сапармен келген ең жоғары дә­ре­желі қонақтар, оның ішінде Рим Папасы Бенедикт XVI, Әлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Абдолла бин Әбдәл-Мұхсин ат –Түрки, Әл-Әзхара университет­і­нің Жоғары Имамы Шейх Мұ­хаммад Саид-Тантауи, Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кир­рилл, Минск және Слуц митрополиті – Филареті, ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокова және тағы басқа көптеген құрметті қонақтардың қауіпсі­з­дігі қамтамасыз етілді.

Осы мәселе туралы конфе­рен­ция қатысушыларының алдында сөз сөйлеген генерал А.Әубәкіров біздің Мемлекет бас­шысының сындарлы саясаты­ның арқасында қазақстандықтар бақытты өмір сүріп отырған ұлт­аралық және конфессияаралық келісімге ерекше назар аудара­тындығын айта келе, «Бүгінгі таңда Қазақстанда бейбітшілік пен келісім жағдайында 100 ұлт пен түрлі конфессиялар өмір сүруде. Тек осы елорда полициясында ғана 20 ұлттың өкілі қызмет етеді», деп атап өтті.

Қазақстанның жүрегі – Астана қаласында Парламент, Президент Әкімшілігі, Үкімет секілді маңызды саяси нысандардың орналасуы құқық қорғау мен заң­дылықты сақтау мен қамтамасыз етуге аса назар аудару қажеттігін білдіреді. Өйткені Астанада ғана ішкі істер органдарының күші мен қуатын қажет ететін рес­публикалық және халықаралық маңызы жоғары қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар жиі өтеді.

Осыған байланысты Астана полициясының қоғамдық тәртіп­ті сақтау саласына құқық бұзу­шылықты ескерту мен оның алдын алуда үлкен көмегін тиізетін бейнебақылау жүйелері көптеп енгізілуде. Жыл сайын елордада бейнекамералар көптеп орнатылуда, оның ішінде интеллектуалды бейне шолу жасай алатындары да баршылық.

Қазіргі таңда шетелдік мамандарды тарту арқылы Астана әкім­дігімен «Smart Astana» (тір­шілік әрекетін қамтамасыз ету­дің ке­шен­ді жүйесі) атты қала­ның бар­­лық қызметін қажет уа­қытта ұй­ымдастырып, бір арнаға тоғыта алатын жоба дайындалуда. Мұ­­­­ның аясында қалаға тағы қосым­­ша он мыңға тарта интеллектуалды бейнекамералар орнатылады.

Конференцияда айтылғандай, еуропалық елдер үшін жаппай тәртіпсіздік пен қылмыстардың алдын алу мен ескерту саласында және құқық бұзушылықтың алдын алуда бейнебақылау жү­йе­сін пайдаланудың шаралары мен тетіктерін жетілдіру маңыз­ды болып табылады. Сөйтіп, Ас­та­на тәжірибесімен бөліскен атал­­ған конференция жұмысы қоры­тындысында біріккен декларация қабылданды. Жиын со­ңында осы мәтінге арқау болған бас­па­сөз конференциясы өтті. Онда келесі 2013 жылы өтетін еуропа мемлекеттері Астана полициясы басшыларының 35-ші ұйым­дас­ты­рушысы ретінде Варшава қаласы таныстыры­лы­мы­ның тұ­саукесері болғаны айтылды.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».