• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2019

«100 жаңа есім» жеңімпаздары ойларын ортаға салды

1212 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хат­шылық меңгерушісі Жансейіт Түйме­баев­тың қатысуымен «PRодвигай себя» өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетинг және пиар жасау стратегиялары бойынша тренинг өтті.

Іс-шараға ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозға­лысының мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, ЭМБ жастар қанаттарының көш­бас­шылары, белгілі блогерлер, жас­тардың атаулы топтары қатысты. Ал­ғашқы сөз кезегі Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевқа берілді. Ол өзінің сөзінде саяси өз­герістердің қисыны талап етіп отыр­ған 9 маусым күні өтетін кезек­тен тыс президенттік сайлаудың маңыз­дылығына тоқталып, оның қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бір­лікті нығайтуға ықпал ететіне сенім білдірді. Сонымен бірге Елбасының Жастар жылын ашу кезінде Үкіметке нақты тапсырмалар бергенін және қа­зақстандық жастарға ықыласты сөз­дерін арнағанын еске салды. «Бұл тапсырмаларда жастар үшін қолжетімді және сапалы білім, жұмыс, баспана және отбасын құру мүмкіндігі болуы­на басымдық берілген», деді ол. Ал Ассамблея туралы айтқанда биыл ұйым өз қоржынын жаңа жобалармен то­лықтырып отыр­ғанын және олардың әрқайсысын батыл түрде «әлеуметтік лифт» ретінде ай­­қындауға болатынын жеткізді. Одан әрі Ж.Түймебаев «PRодвигай се­бя» тренингіне қаты­сушыларға «Қа­зақстанның 100 жа­ңа есімі» жобасын бастаған кезде Мемлекет басшысы оның аса зор та­быстарға қол жет­кізген өңірлерден, түрлі этнос­тар­дан шыққан әр жастағы нақты адамдардың тарихы екеніне назар аударғанын атап көрсетті. «Жас­тарымыз селфбрендингтің жа­ңа дағ­дыларын игеріп, өз идеялары мен жобаларын ілгерілетудің пәр­менді әдістерін үйрене алатынына сенім­ді­мін», деді ол.

Тренингте танымал тұлғалар, «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары сөз сөйледі. Соның ішінде «Родина» ауылдық округінің әкімі Белла Газдиева ауыл жастарын қол­дау және дамыту жөнінде көп жұ­­­мыс атқарылып жатқанын айтты. Ол жиналғандарға жастар сая­са­­­тының перспективасын өзі қалай елес­тететініне тоқталды. «Пифагор» мек­­тебінің негізін қалаушы Асан Жол­дасов өз брендін Қазақстанға қалай танымал еткені туралы баяндап, өзінің осы бағытта жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.

Жеке бизнесін тақыр жерден бас­тап, үлкен жетістіктерге жеткен адамдардың бірі – Ларион Лян. Қазіргі кезде ол тұтас бір холдингтің жетекшісі. Мұндай табысқа қалай жетуге болатыны туралы Л.Лян өзінің жастар алдында сөйлеген сөзінде кеңінен баяндап берді.

Аталған шара жастар арасында өзіндік маркетинг және пиар жасау стратегиялары бойынша медиа та­нымалдылық деңгейін дамыту мақ­­сатында өткізіліп отыр. Бұл қа­тысу­шылардың түрлі салада табысқа қол жеткізіп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосудағы имиджін жасау және жетістікке жету жолдарын ақпараттық ілгерілету бо­йынша білім қорларын қалыптастыруға ықпал етеді деген үміт бар екені туралы ұйымдастырушылар өз сөздерінде атап өтті.