• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2019

«Баспана Хит» бағдарламасының жылдық үстемесі арзандады

2058 рет
көрсетілді

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады.

Игі бастама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) 15 сәуірде базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асты. «Баспана Хит»  бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшері ҚРҰБ базалық ставкасына (ҚРҰБ базалық ставкасы +1,75%) байланысты болатынын еске саламыз.

«Пайыздық үстеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Баспана Хиттің ипотеканы 11%-бен алған борышкерлері ай сайынғы төлемдерді бұрын бекітілген кестеге сәйкес төлейді. Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты болады», – деді «Баспана» ИҰ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.

Баспана Хит бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд. теңгеге жетті. Бүгінгі күнге дейін 3 113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алды.

Баспана Хит азаматтың меншігінде баспанасы болса да бастапқы не қолданыста болған тұрғын үйді алуға мүмкіндік береді. Ипотеканы 8 банк береді: Халық банкі, ЦентрКредит банк, Сбербанк, Цеснабанк, Еуразиялық банкі, Forte Bank, Bank RBK және АТФБанк.

Азаматтардың ай сайынғы төлемдерін есептеуіне қолайлы болуы үшін Баспана Хит ипотекалық калькуляторы іске қосылды www.baspanahit.kz