Стамбулда «Түркия туры» веложарысының бірінші кезеңі аяқталды. Велошабандоздар жалпы есебі 156.7 шақырымды артқа тастады.
Бұл сында ирландиялық шабандоз Сэм Беннеттің бағы жанды. Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені 12-ші орын иеленген Евгений Гидич тіркеді.
«Бүгінгі негізгі міндетіміз – уақыт жоғалтпай, көшбасшымыз Мерхави Кудусты қорғау болатын. Жарыс нәтижесінде команда бәрін сәтті аяқтады. Енді біздің спортшыларға қолайлы саналатын таулы жарыстарды күтудеміз», - деді спорттық директор Сергей Яковлев.