• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 17 Сәуір, 2019

Димаш Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

1273 рет
көрсетілді

Димаш Құдайбергенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Әнші өзінің Instagram парақшасында «Ықылас, ниетіңіз үшін, аса зор құрметіңіз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы» деп жазды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Instagram парақшасында Димаш Құдайберген туралы жазба қалдырған болатын.

«Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.