• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2019

Полицейлер көпбалалы отбасы балаларына велосипед, ойыншықтар сыйлады

1062 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі көпбалалы отбасыларға қамқорлық көрсету шарасы барысында департаментке жергілікті әкімдіктер арқылы арнайы тізім бекітілді.

Сонымен бірге, облыстық ішкі істер департаментінде қызмет жасайтын көпбалалы отбасылар да  осы тізіміге алынды.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша 20 отбасы департамент қамқорлығында.

Қыс кезінде көпбалалы отбасылардың үйлеріне тегін көмір, отын жеткізілді. Азық-түлік пен тұрмыста қолданылатын жуғыш заттармен қамтамасыз еттік.

Екіншіден, «Денсаулық жолы» шарасы ұйымдастырылды.

Көпбалалы аналардың балаларын полиция қызметкерлері арнайы көлікпен департамент емханасына әкелді.

Ата-аналар мен балалар толық тексеруден өтіп, оларға қажетті ем-шара жасалды.

«Әр шаңырақта – Наурыз мерекесі» атауымен облыс  орталығындағы орталық алаңда киіз үй құрып, қызмет жолында қаза тапқан департамент қызметкерлерінің және көпбалалы отбасылар шақырылды.

 Алдағы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және полиция күнінде де көп балалы отбасылар мерекелік концерттерге келеді.

Мысалы, Железин ауданында ата-анасынан айырылған 4 баланы әжелері асырап-бағуда. Осы отбасыға отын мен азық-түліктен бөлек, балалардың сұрауы бойынша велосипед, ой-өрісін дамытатын ойыншықтар сатып алынды.

Павлодар ауылында «Күміс алқа» иегеріне тәртіп сақшылары бірлесіп, тоңазытқыш сыйлады. Көп балалыы отбасыларға хабарласып тұру үшін департамент қызметкерлерініңің байланыс нөмірлері берілді.