• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2012

Турабилерді таңдау мақсатын көздеген қоғамдық кеңес Қызылжар өңірінде өз жұмысын бастап кетті

311 рет
көрсетілді

Турабилерді таңдау мақсатын көздеген қоғамдық кеңес Қызылжар өңірінде өз жұмысын бастап кетті

Сенбі, 7 шілде 2012 7:31

Өткен ғасырдың алпысыншы жыл­дарында, біздің бала кезіміз­де, ауыл­дағы үлкендердің қолда­ры­на су құйып, қызмет қылсақ, олар көбінесе: «Өс­кен­де мұғалім бол!» деп бата беруші еді. Өйт­кені, ол уақытта ұстаз беделі аса жоғары болатын… Ал, жетпісінші жылдардан бері қарай ақсақалда­ры­­мыз жеткіншектерге: «Судья бол!», «Про­курор бол!» деуге көшті. Мұн­дай бата «өміршең» болып шығып, күні бүгінге дейін жал­ғасып келе жат­қаны анық. Әрине, «Әкім бол!», «Бизнесмен бол!», «Банкир бол!» деуші­лер де аз емес қазір. «Заманына қарай амалы» деген осы. Қоғамда рухани құнды­лық­тардың қадірі кетіп, өзім­шіл психологияның белең алып бара жатқанына бір мысал бұл.

Сенбі, 7 шілде 2012 7:31

Өткен ғасырдың алпысыншы жыл­дарында, біздің бала кезіміз­де, ауыл­дағы үлкендердің қолда­ры­на су құйып, қызмет қылсақ, олар көбінесе: «Өс­кен­де мұғалім бол!» деп бата беруші еді. Өйт­кені, ол уақытта ұстаз беделі аса жоғары болатын… Ал, жетпісінші жылдардан бері қарай ақсақалда­ры­­мыз жеткіншектерге: «Судья бол!», «Про­курор бол!» деуге көшті. Мұн­дай бата «өміршең» болып шығып, күні бүгінге дейін жал­ғасып келе жат­қаны анық. Әрине, «Әкім бол!», «Бизнесмен бол!», «Банкир бол!» деуші­лер де аз емес қазір. «Заманына қарай амалы» деген осы. Қоғамда рухани құнды­лық­тардың қадірі кетіп, өзім­шіл психологияның белең алып бара жатқанына бір мысал бұл. Бата бергіш үлкендеріміз: «Қара қылды қақ жаратын судья бол!» немесе «Әділдікке араша түсетін прокурор бол!» деп айтып жатса, бірсәрі ғой. Көпшілігінің көкейіндегісі – ертең заңгерлік білім алып, сот, прокуратура органдарында қызмет істесең, қолыңда бал татитын билігің болады, ал бал ұстаған барма­ғын жаламай қоймайды, жағдайың жаман болмайды дегенге саяды да.

Тамыры тереңде жатқан осындай үстем қоғамдық пікірдің ық­палымен бүгінде заңгерлік білім алып шыққан­дардың талайы­ның арманы – судья атану. Өйткені, құ­қықтық мемлекет құруға ұмтылыс танытып жатқан тәуелсіз елімізде судьяның мәртебесі өте жоғары – аудандық соттың қатар­дағы судьясына дейін Президент Жар­лығы­мен тағайындалады. Өзге құқық қорғау органдарының қызметкер­ле­ріне қарағанда судьялардың ең­бек­ақы­сы да жоғарылау, әлеумет­тік жеңіл­діктері де қызығарлық­тай. Алай­да, бұдан судьялар туралы ертеден қа­лып­тасқан кереғар пікірдің өзгергені шамалы. Жұрт­тың сөзіне құлақ түр­сең, туғаны жоқ тура билерден туғаны көп имансыз билер көп сияқты. Елбасы  «Әлеуметтік-экономикалық жаң­­ғыр­­ту – Қазақ­стан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шы­ғаруға тиіс. Судьялар жасағын қалыптас­тырудың тәрті­бін түбегейлі түрде қайта қарау қажет», деп атап көрсеткен болатын. Жоғарғы Соттан бастап, бү­кіл сот жүйесіне өздерінің жауап­кершілігі мен білік­тілігін артыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіру мін­деттері қойылды. Судьялардың заңды бұзуы жұрт­тың бәріне жария етіле­тіндей төтен­ше оқиға болуға тиіс,» – деп қадап айтылуы еліміздің сот жүйе­сінің қазіргі қалыптасқан жағ­дайына  берілген әділ баға екендігі даусыз.

Осы орайда Солтүстік Қазақ­стан облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов жоғарыдан нұс­қау күтіп отырмай, болашақ судья­лар жасағын қалыптастыру тәр­тібін жетілдіру мақсатымен қоғам­дық кеңес құру жөнінде елімізде алғашқы болып, игі бастама көтерді. Оның құрамына Қызыл­жар өңіріне танымал тұлғалар – бұрынғы мәжілісмен­дер Иван Чиркалин мен Раиса Полищук, белгілі журналистер Зәуре Жұмалиева мен Халия Жолдаспаева, Петропавл қала­сы­ның құрметті азаматы Равиль Рязапов,  жергілік­ті мәслихат­тардың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың же­тек­шілері мен өкіл­дері енгізілді. Қоғамдық кеңес алғашқы отыры­сын­да-ақ  Солтүс­тік Қазақстан облысы мен басқа өңірлердегі бірнеше судья­лық бос орындардан үміткер  маман­дар­дың кандидатураларын егжей-тегжейлі талқы­лады. Мәжіліс залына имене кірген, бүгінгінің биі болуды көксеген 13 заңгердің бәріне алуан сауалдар қойылып, білімімен қоса адамгершілік қасиеті, парасат-пайымы жан-жақты таразыланды. «Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» демекші, сынаққа түскендердің бәрі де өз дайындық­тарының дең­гейін лайықты көрсет­­кен­дерімен, кеңес мүшеле­ріне ай­рық­ша ұнағанда­ры да бар. Олар­дың арасында, әсіресе, қы­зыл­жар­лықтар құрметіне бөленген әйгілі заңгер әкесінің жолын қуған, ма­мандандырылған аудан­ара­лық эко­номикалық сот кеңсе­сінің меңгеру­шісі Дәурен Қайрат­ұлы,  үш тілге жетік, облыстық сот кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Зафарбек Құниязов, жас та болса, тә­жірибелі маман екендігі аңғарыл­ған Таңат Смағұлов, об­лыстық адвокаттар алқа­сы­ның адвокаты Әлия Жұмабаева,  сот­талғандар құ­қығын қорғаумен айналысып жүр­ген заң магистрі Эльвира Оразымбетова есімдері ерекше аталды.

– Судьялар қатарына кездей­соқ, жоғары сенім  білдіруге моральдық құқығы жоқ, лайықсыз адамдар өтіп кетпеуі үшін осындай «қоғам­дық сүзгінің» болғаны жөн деп білемін. Сіздерді солтүс­тікқазақ­стан­дықтар жақсы біледі. Сіздер де  өз жерлестеріңіз жайлы хабардарсыздар. Сондықтан, өзара сенім ахуалын туғызып, екіжақты байланыс орнату арқылы болашақ судьяларды іріктеу ісін бірлесіп жетіл­діре түсеміз деп ойлаймын, – деді Нұрғазы Әбдіқанов қоғамдық кеңес мүшелерімен өзара пікір алысу барысында.

Бұл жолы есімдері облыстық газеттерде күні бұрын жариялан­ған судьялықтан үміткерлердің ешқай­сысы туралы теріс ақпарат түспе­гендіктен, олардың бәрін де ірік­теу­дің екінші кезеңіне жіберу жайлы шешім бірауыздан қабыл­дан­ды. Мені тағы бір сүйінткен жәйт: болашақта судья болуды мақсат еткен қазақ жас­тарының бәрі де өз ана тілдерін білетіндігі.

Сол­түс­тік Қазақстан облыстық сотына Нұрғазы Әбдіқанов төраға­лық еткелі бері оқыс жәйт­тар  туралы естіген жоқпыз. Сірә, жергілікті сот билігінің басына туғаны жоқ тура би келген болар. Нұрғазы Әбенұлының облыстық сот жанынан болашақ судьяларды іріктеумен айналысатын қоғамдық кеңес құру жөніндегі бастамасы да соны аңғартып тұрған сияқты.

Кәрібай МҰСЫРМАН, «Қызылжар ақпарат» ЖШС директоры- бас редакторы, Солтүстік Қазақстан  облыстық

сот жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі.