Айта кетелік, Қазақстан каратешілері Франция тарапының шақыртуымен 10 күндік бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Енді команда мүшелері Рабатта өтетін Премьер-лига турниріне қатысады.
Тап осы сыннан бастап каратедегі лицензиялық ұпай алу жүйесінде бірқатар айырмашылықтар болмақ. Әлемдік және олимпиадалық рейтингте аздаған өзгерістер орын алады.
Рабаттағы турнирге Қазақстан атынан төмендегі спортшылар қатысады:
Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (-68 келі), Софья Берульцева (+68 келі);
Дархан Асаділов (60 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі), Дидар Әмірәлі (-67 келі), Ермек Айназарова (75 келі), Игорь Чехмарев, Данияр Юлдашев (84 келі).
«К-1 Premier League Rabat open» турнирі 17-22 сәуір аралығында өтеді.