• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2019

Алдағы күндері астанада күн суық болады

1030 рет
көрсетілді

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы -10°С дейін төмендейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша ертең қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауады. Түнде оның жылдамдығы 9-14, күндіз 5-10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз 0°С шамасында. 

19 сәуірде көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -3…-5°С, күндіз +6…+8С көрсетеді. 

20 сәуірде де күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 7-12 м/с құрамақ. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С шамасында.