• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2019

Қазақстанның солтүстік облыстарында жабысқақ қар жауып, күн күркіреуі мүмкін

1180 рет
көрсетілді

18-20 сәуірде солтүстік облыстарда жабысқақ қар, жаңбыр жауады, күн күркірейді деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронттардың әсерінен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын және найзағай күтіледі. Ал суық арктикалық атмосфералық фронттар республиканың солтүстік облыстарына жауын-шашын, жылбысқы қар, көктайғақ ала келеді. Ауа температурасы -2-10°С аязға дейін суытады. Сондықтан ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С төмендейді. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С жоғары болады», - делінген хабарда.