• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2019

Қазақстанда 153 792 жеңіл автомобиль тіркелген

935 рет
көрсетілді

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында 153 792 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 669,3 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтарда 2 682 адам зардап шеккен 1 785 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 7,2%-ға азайған.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 4,6 млрд теңге сомасына 12 133 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.