Бейсенбі, 16 тамыз 2012 7:23
Алматы ауданының прокуратурасы «Аяжан» №18 бөбекханасы МКҚМ, «Аққу» №7 бөбекханасы МКҚМ, «Алтын бесік» №23 бөбекханасы МКҚМ, «Гүлдер» №21 бөбекханасы МКҚМ, «Ақжелкен» №47 бөбекханасы МКҚМ қызметін тексергенде ондағы меңгерушілер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 11 және 31-баптарында қаралған мемлекеттік сатып алу туралы шарттан жалтарғандары, сөйтіп сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарының бұзылғандығын анықтады.

Жоғарыдағы айтылған балалар бақшаларының меңгерушілері аталған кемшіліктерге жол беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызған.
Осы тексерулер нәтижесі бойынша Алматы ауданының прокуратурасынан Астана қаласы білім беру басқармасы атына анықталған кемшіліктерді тез арада жойып, жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс жіберілді.
Бұл ұсыныстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған «Аяжан» №18 бөбекханасы» МКҚМ, «Гүлдер» №21 бөбекханасы» МКҚМ, «Ақжелкен» №47 бөбекханасы» МКҚМ балалар бақшасы мекемесінің меңгерушілері сөгіс алса, «Аққу»№7 бөбекханасы» МКҚМ, «Алтын бесік» №23 бөбекханасы» МКҚМ балалар бақшасы меңгерушілері жазаға тартылмады. Өйткені, олар қызметке жаңа кіріскен. Аталған кемшіліктер бұрынғы меңгерушілердің әрекетінен туған заң бұзушылық болып табылады.
Г. ШЕГЕНОВ,
Алматы аудандық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалықсаладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы.
Астана.