• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2012

Туған жерде еңбек ету – зор бақыт

284 рет
көрсетілді

Туған жерде еңбек ету – зор бақыт

Жұма, 17 тамыз 2012 6:59

Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” тапсырмалары Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыруының жаңа ке­зеңіне бастайтындығы кәміл. Алдағы кезеңнің түбегейлі даму сипаттарын жан-жақты қамты­ған мәселелердің кеңінен қолдау табуы – Мемлекет басшысының уақыттан озық әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабыл­дағанын көрсетті. Өзінің кәсіби еңбек жолын жұмысшыдан – болат балқытушыдан бастаған Тұң­ғыш Президентіміз Нұрсұл­тан Назарбаевтың еңбектегі өмір­баяны Қазақстан халқы үшін мінсіз өнеге болып табылады.

Жұма, 17 тамыз 2012 6:59

Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” тапсырмалары Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыруының жаңа ке­зеңіне бастайтындығы кәміл. Алдағы кезеңнің түбегейлі даму сипаттарын жан-жақты қамты­ған мәселелердің кеңінен қолдау табуы – Мемлекет басшысының уақыттан озық әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабыл­дағанын көрсетті. Өзінің кәсіби еңбек жолын жұмысшыдан – болат балқытушыдан бастаған Тұң­ғыш Президентіміз Нұрсұл­тан Назарбаевтың еңбектегі өмір­баяны Қазақстан халқы үшін мінсіз өнеге болып табылады. Елбасының бағдарла­ма­лық мақа­ласының қоғамды дүр сілкінтіп, орасан зор қолдауға ие болғаны да сондықтан. Президент елі­міздің дамуында әрбір адамның өз орнын табуын, Отанына пайдалы болуын ұсынды. Өйткені, туған жерде еңбек ету – зор бақыт! Біз өз еліміздің тарихында Нұрсұлтан Назарбаев­тың бас­шылығындай осыншама ұлан-асыр табысқа жетіп көрген жоқ­пыз. Қазақстанның және халқы­мыздың осы заманғы кел­бе­тін бүкіл әлемге паш еткен адам – жас мемлекетіміздің Тұң­ғыш Пре­зидентінің нақ өзі. Халқы­мыз өздерінің алдағы жетіс­тіктерін Президенттің нақ өзімен байланыстырады.

Президенттің мемлекеттік сая­саты терең ғылыми талдауға ғана емес, сонымен бірге елдің мәселелерін шешуге көмегін тигізетін келешекті көре білуіне негізделгені даусыз. Мемлекет басшысы адамдарды пайымдай білетін, оларды өзінің құл­шы­нысымен жігерлендіретін, тү­сіне және қолдай білетін тамаша қасиетке ие. Нұрсұлтан Назарбаев біздің облысымызда бол­ғанда, жаңа нысандарды аралаумен шектелмей, адамдармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік тапқа­нын солтүстікқазақ­стан­дық­тар өз көздерімен көрді.

Бүгінгі таңда елдің ересек тұрғындары ғана емес, сонымен бірге жастар да Президенттің жаңа бағдарламалық мақаласын терең түсіну үдерісі үстінде. Әлеуметтік жаңғырту туралы Пре­зиденттің стратегиясын жү­зеге асыруға бағытталған тү­бегейлі ұсыныс енгізілген нақ қазіргі сәтте біз облыс жастарымен кездесу кезінде “Менің арманым – Қазақстанда еңбек ету” деген тақырыпта шығармалар мен рефераттар конкурсын жариялауды ұсындық. Сөз жоқ, патриоттық тәрбие берудің бұл нышаны жасөспірімдер мен қыздардың елдегі оң өзгерістерді жете сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуға тиіс, деп Президент тектен-тек айтқан жоқ. Әрбір азаматты, әсіресе, жастарды жасампаздық үдеріске тарту – табысымыздың негізі.

Елдегі сапалық өзгерістердің нәтижесінде қазақстан­дықтар­дың сана-сезімі де жаңғыру үстінде. Қазіргі қазақстандықтар – ең алдымен өздеріне сенімді адамдар. Біздің баршамыз өз елі­мізді мақтан тұтамыз. Таяудағы болашағымыз Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың басшылы­ғымен сенімді түрде алға басқан еліміздегі ұлан-ғайыр жетістік­тер кезеңі болмақ.

Президент өзінің мақаласын­да атап көрсеткеніндей, “Өмір сапасының “қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде – ірі қа­лада да, алыстағы ауылда да – орындалуға тиіс”. Нәтижесінде мәслихаттар жергілікті мәсе­лелерді шешу үшін тұрғындар сайлайтын өкілдік органдар ре­тінде жергілікті өзін-өзі басқа­рудың негізіне айналады, ал ауыл әкімдері мемлекеттік міндет­терді орындауға қоса ашық түр­де жергілікті мәселелерді ше­шетін болады. Міне, осындай көзқарас тұрғындардың өз мәсе­лелерін өздері шеше алатын­дығын сезінуге мүмкіндік бере­ді. Сөйтіп, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттің көмегімен бірге адамдарды қызу қоғамдық жұмысқа тарта алады.

Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында қоғамды түбегейлі өзгертетін небір өзекті мәселе­лерді қозғады. Олар мемлекеттік жүйені жетілдіруге, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға, азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын қор­ғау жүйесін нығайтуға қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер Президент саясатының негізгі жүзеге асырушылары болып табылады. Олар жылдам өзгеретін өмірден қалып қоймай, болып жатқан өзгерістерді ұдайы бақы­лауға және талдау жасауға, болашақты болжай білуге тиіс. Осындай жағдайда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Біздің облысымыздағы мем­ле­кеттік қызметшілердің саны – 4864, олардың 4632-і – әкімші­лік, 232-і саяси мемлекеттік қызметте, ал 2550 мемлекеттік қызметші (52,4 пайыз) жергілікті атқару органдарында, 2314-і (47,6 пайыз) аумақтық органдарда жұмыс істейді. 30-39 жас (28 пайыз) аралығындағы мемле­кеттік қызметшілердің саны басым. Жыл басынан бері облыс­тың мемлекеттік органдарында 130 бос әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурс өткізіліп, оған 631 адам қатысты. Яғни 1 орын­ға конкурс 4,8 адамды құрады. Нәтижесінде 107 жеңімпаз анық­талды. Конкурс жеңімпаз­дары­ның көпшілігі 30 жасқа дейін­гілер, олар 62 пайызды құрады, 85 пайызы жоғары білімді, мемлекеттік қызметте бір жылға дейін өтілі барлар – 56 пайыз.

Үстіміздегі жылы 549 әкім­шілік мемлекеттік қызмет­шінің 477-і (87%) аттестаттаудан өтті, ал 72 әкімшілік мемлекеттік қыз­метші одан өте алмады. Әкім­шілік мемлекеттік қызметтің кадрлар резервінде 146 адам, соның ішінде 68 әйел (46,5%) бар. Олардың 50 %-ы 30 жасқа дейінгілер, жоғары білімділер – 85, мемлекеттік қызметте бір жылға дейін өтілі барлар – 55%.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік мемлекеттік қызметшілерді, соның ішінде жастарды қайта даярлауға және біліктіліктерін арттыруға зор көңіл бөледі. Облысымызда 1015 мемлекеттік қызметші оқытыл­ды, соның ішінде 19-і – Қазақ­стан Республикасының Прези­денті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында, 793-і өңір­лік оқыту орталығында,  203-і – салалық ведомстволарда. Иге­рілгені – 37,6 миллион теңге, мұ­ның өзі бөлінген бюджет қара­жатының жылдық көлемінің 57,4 пайызын құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі тұрғындарға уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге саяды. Міне, сондық­тан да “Орталық мемлекеттік және облыстардың, респуб­лика­лық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиім­ділігін жыл сайын бағалау жү­йесі туралы” Мемлекет басшы­сының Жарлығын орындау біз­дің агенттікке жүктелген. Соған сәйкес аумақтық басқарма мем­лекеттік органдардың тұр­ғын­дарға сапалы, уақтылы қыз­мет көрсетуін қадағалап отырады.

2012 жылдың бірінші жар­тыжылдығында тәртіптік кеңес­тің хатшылығы 154 тексеріс жүргізіп, 724 заңбұрмалаушы­лық­ты, соның ішінде мемлекет­тік қызмет туралы заңнаманы бұзудың – 686, жемқорлыққа қарсы күресетін заңнаманы бұр­малаудың 24 фактісін анықтады. Тәртіптік кеңестің 4 мәжілісінде 50 басшы мен лауазымды адам тыңдалып, 28 тәртіптік іс қарал­ды. Құқық тәртібін бұзға­ны үшін 37 мемлекеттік қызметші тәр­тіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік кеңестің бүкіл мәжілістері жария түрде өткізі­леді, оларға жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес­тің және “Нұр Отан” ХДП жа­нындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағалары БАҚ өкілдерімен бірге қатысады. Тәр­тіптік кеңес қоғамдық ұйымдар­мен қоян-қолтық жұмыс істейді. Мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет туралы заң­наманың, жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Ар-намыс кодексі­нің талаптарын сақтау туралы алдын алу және түсіндіру жұмы­сы ұдайы жүргізіледі, соның ішінде облыс орталығында және аудандарда семинарлар өткізі­леді. Азаматтарды жеке қабыл­дау апта сайын, соның ішінде оларды жергілікті жерде қабыл­дау жүзеге асырылады. Басқар­маның ресми web-сайты 3 тілде ұдайы жаңартылып отырылады. Бұл бағыттағы санқырлы жұмыс жалғаса береді.

Президентіміз Қазақстан Тәуел­сіздігінің барлық жылдарында терең талдау, жан-жақты қарастыру, келешекті көре білу негізінде ел дамуының страте­гия­сын жасап келеді, мұның өзі елдің экономикалық, саяси, мә­дени жағынан оза дамуын қам­тамасыз етті. Президенттің “Қа­зақ­станның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласынан туындайтын жаңа, баршамызға және тұтастай хал­қымызға айрықша маңызды міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру қоғамымыздың мүлдем жаңа деңгейге көтерілуіне мүм­кіндік береді. Бұл – бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін ұлттық идея.

Тілеген ҚАСКИН,

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңестің төрағасы.

ПЕТРОПАВЛ.