• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Сәуір, 2019

Елорданың барлық жоғары оқу орындарында сатушысы жоқ дүкен жұмыс істеп тұр

847 рет
көрсетілді

Елорданың жоғары оқу орындарында сатушысыз жұмыс істейтін адалдық дүкендері ашылды. Бұл туралы бүгін «Астана - адалдық алаңы» жобасының басшысы Жазира Жылқышиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы жоғары білім беру саласына ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде «Адалдық алаңы» жоба кеңселері республика бойынша адалдық пен әдеп қағидатын насихаттап жүр. Барлық жерде сатушысыз жұмыс жасайтын адалдық дүкендері ашылуда. Кез келген адам  қалаған затын алып, арнайы кассаға тиісті қаржыны салады. Нұр-Сұлтан қаласының барлық жоғары оқу орындарында осындай дүкендер ашылды, деді ол. 

Жоба жетекшісі осындай жолмен жас жеткіншектер әділдікті бойына сіңіріп өседі деп сенетінін баса айтты. 

Сондай-ақ, елорданың барлық жоғары оқу орындарында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл орталықтарда студенттер мен талапкерлер университеттің барлық қызметтерін  жылдам әрі тез ала алады. Бірінші және екінші курс студенттеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» таңдамалық пәні жұмыс істейді, деді Ж.Жылқышиева.

Оның атап өтуінше, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары студенттерге тұрақты негізде дәріс оқиды. 

Жоба кеңсесі агенттіктің елордалық департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта іс-шаралар: шығармашылық конкурстар, дебат ойындары, спорттық сайыстар өткізіп тұрады,  деді жоба жетекшісі.