Бұл туралы құраманың бас бапкері Алан Балфанбаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда команда мүшелері Тараз қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 21 сәуір күні дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Златоустқа ұшып кетеміз. Ресей кубогі аяқталған соң, елге оралып, жаттығуды жалғастырамыз. Маусының 15-30 аралығында Ресей ұлттық құрамасымен бірлескен жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылдың ақпан айында олимпиада ойындарына аймақтық іріктеу турнирі біздің елімізде өтеді. Сол сында лицензияға таласатын боламыз», - деді Балфанбаев.
Еске сала кетейік, су добынан Ресей кубогін үздік сегіз команда сарапқа салады. Сондай-ақ, су добынан әйелдер құрамасы 12-28 шілде күндері Кванджуда өтетін әлем чемпионатына қатысады.