Сенбі, 25 тамыз 2012 6:07
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық дейміз. Ал еліміздің Конституциясы бойынша Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану мемлекет пен оның органдары халықтың қалауы бойынша қалыптасатынын білдіреді. Бұл орайда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты барша қазақстандықтарға арналған бағдарламалық тапсырмаларымен Ішкі әскерлердің барлық жеке құрамы да ықылас қоя танысып шықты. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, еліміздің оң бағыттарына, жасампаздық дамуына көбірек көңіл бөліп келеді. Елбасымыздың жоғарыда аталған бағдарламалық мақаласында да осы мәселелер жалғасын тапқан.
Сенбі, 25 тамыз 2012 6:07
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық дейміз. Ал еліміздің Конституциясы бойынша Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану мемлекет пен оның органдары халықтың қалауы бойынша қалыптасатынын білдіреді. Бұл орайда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты барша қазақстандықтарға арналған бағдарламалық тапсырмаларымен Ішкі әскерлердің барлық жеке құрамы да ықылас қоя танысып шықты. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, еліміздің оң бағыттарына, жасампаздық дамуына көбірек көңіл бөліп келеді. Елбасымыздың жоғарыда аталған бағдарламалық мақаласында да осы мәселелер жалғасын тапқан.
Елбасы Ата Заңымыздың талаптарына сәйкес әрбір қазақстандықтың, оның ішінде әскери қызметшілердің де жүрегінен жол табатын мәні зор мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің жолдарын ұсынып, Үкіметке нақты тапсырмалар берген. Аталған бағдарламаның өзегі – еңбек ету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы болғандықтан, мұнда айтылған әрбір ұсыныс пен пікір саналы жастарға ой салары сөзсіз.«Менің назарымдағы басты мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету. – Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін-өзі сезінулері тәуелді» деп атап көрсетеді Мемлекет басшысы. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын көрсеткен Елбасы, қоғамдық ынталандырудың жүйесін құруды әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелері екеніне баса назар аударады. Қарапайым сөзбен айтқанда, еңбек арқылы әрбір қазақстандық азамат қоғамда болып жатқан өзгерістерге қатысып, өзі де елдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.Ал әскери қызмет, әскери қызметшілердің мәртебесі мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау және басқа да әскерилерге қажетті заңдардың бәрі, Ата Заңымыздан бастап ел қорғау жолында жүрген азаматтардың құқығын қорғайды. Жыл сайын әскери қызметшілердің еңбек жалақылары да өсе түсіп, заман тірлігінен қалмауға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Мұның бәрі сөз жоқ, Елбасымыз – Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың әскерилерге жасап отырған қамқорлығының арқасы деп білеміз.Жалпы, ел қорғау, жастарды қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікпен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау Елбасымыздың үнемі басты назарында. Оны кеше ғана Лондонда өткен Олимпия ойындарының барысында да көз жеткіздік. Елбасымыз айтулы спортшыларымызды әлемдік сынға аттандырар алдында, еліміздің көк туын желбіретулеріне, намысты қолдан бермеулеріне тілектес болған еді. Спортшыларымыз ерледі. Оларды енді қалай мақтасақ та жарасады. Әлемдік додада тұңғыш рет жеті алтын, бір күміс, бес қола медаль жеңіп алып Қазақстан өзінің қарыштап алға басып келе жатқанын тағы бір рет дәлелдеді. Осы он үш медальдің алтауын Ішкі әскердің әскери қызметші-спортшыларының жеңіп алғаны біз үшін үлкен мақтаныш.Спортта осындай үлкен жетістіктерге жетіп отырған әскеріміз күнделікті қызметтерін де абыроймен орындап келеді. Қазіргі уақытта Ішкі әскерлер Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің 50 түзеу мекемесін күзетеді және ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерімен бірге еліміздің 19 қаласында көше тәртібін қамтамасыз етеді.Ішкі әскер тарихында қырағылық пен батылдықтың үлгілері көптеп саналады. Соңғы екі жыл ішінде ғана әскери борышын атқару кезінде жанқиярлық пен батылдық көрсеткені үшін Ішкі әскердің ондаған әскери қызметшілері Елбасы Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың арасында ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған қатардағы Ербол Отарбаев бүгіндері Ішкі әскерлердің Петропавлдағы Әскери институтында оқиды. Жауынгерлік намыс туын жоғары ұстаған жастарымыз осындай ерліктің үлгі-өнегелерін көрсетуді жалғастырып келеді.Патриоттық тәрбие бағытындағы шараларды жыл бойы өткізу, жас сарбаздарды ерлік дәстүріне тәрбиелеу – игі істеріміздің бірі. Соңғы жылдары Теміртау, Талдықорған қалаларында және Қаракемер кентінде ерлікке тағзым ететін ескерткіштер ашылып, жас сарбаздардың әскери антын қастерлі орындарда қабылдау жақсы дәстүрімізге айналды.Ішкі әскердегі жастарымыз – ол қатардағы жас сарбаздар мен сардарларымыз, Әскери институтта оқып жатқан курсанттарымыз, сондай-ақ әскери бөлімдер мен құрамаларда қызмет етіп жатқан келісім-шарттағы әскери қызметшілеріміз. Олай болса, барлық буындағы жастарымыз бүгінгі күннің талаптарын, Елбасы саясатынан туындайтын барлық мәселелерді жауапкершілікпен түсінуі тиіс.Міне, Ата Заңымыздың айтулы мерекесі қарсаңында жарияланған Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын ойлар осындай. Уақытпен үндес ұсыныстың болашаққа бастайтын баспалдақ екені сөзсіз. Әскерилердің қажырлы еңбегі – ол Отанға абыройлы қызмет.Әбдісадық ЕРЕЖЕПОВ,ІІМ Ішкі әскерлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.
Астана.