• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Сәуір, 2019

Астанада ауа райының қолайсыздығынан жалпықалалық сенбілік кейінге шегерілді

775 рет
көрсетілді

Жалпықалалық сенбілікті өткізу уақыты туралы қосымша хабарланатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов 20 сәуірге жоспарланған жалпықалалық сенбіліктің кейінге шегерілгені туралы Facebook парақшасында хабарлады. 

«Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Біздің қаладағы ауа райын болжау мүмкін еместігін білесіздер. Өкінішке орай, ертең де елордамызда күн райы суық болып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Мұндай күн райында көшеге шығып, тазалық науқанын, ағаш отырғызу шараларын жүргізу мүлде ыңғайсыз. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, мен алғашқы жалпықалалық сенбілікті өткізу күнін ауыстыруды ұсындым», – деп жазды Бақыт Сұлтанов.   

«Қала тұрғындарының көбісі ертеңгі тазалық акциясына белсене қатысуға ниет білдіргенін мен жақсы білемін. Мен Сіздерді осы райларыңыздан қайтпауға шақырамын. Нұр-Сұлтан қаласындағы жылы ауа райы баршамызды жақын арада қайта қуантып, біздің жалпықалалық сенбілікте бірлесіп, өз уақытымызды көңілді әрі пайдалы өткізуімізге сеп болады деп үміттенемін!», – деп қосты қала әкімі.   

Жалпықалалық сенбілікті өткізу уақыты туралы қосымша хабарланатын болады.