• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Сәуір, 2019

Элина Михина: Мен тек жоғары нәтижелерге ұмтыламын

807 рет
көрсетілді

21 сәуір күні жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты бастау алады. Аталмыш жарыста 400 метр қашықтық бйоынша қазақстандық спортшы Элина Михина бақ сынайды. Оlympic.kz-ке берген сұхбатында ол өзінің дайындығы жөнінде атып берді.

«Азия чемпионатына дайындық өз мәресіне жетіп қалды, десек те толық болды. Жарыс алдында нәтиже туралы айтуды мен ұнатпаймын. Өйткені, өзіңді қалай көрсететініңді және бәрі қалай болатынын ешқашан білмейсің ғой. Осы додада жақсы өнер көрсеткен соң, әлем чемпионатына қатысу үшін барымды салатын боламын. Мен тек жоғары нәтижелерге ұмтыламын және өз мақсатыма жету үшін қолдан келгенін жасаймын.

Мысалы, қазір жаттығулар нон-стоп режимінде өтіп жатыр. Алайда старт алдында өзіме қойылған салмақты сәл азайттық. Себебі, маусымның басы - бұл әрдайым толқулы сәт және сен шын мәнінде неге дайын екеніңді білмейсің. Жалпы алғанда, дайындық жемісті өтті деуге болады. Ең бастысы - жарақат жоқ. Ал әлем чемпионатынан кейін Олимпиада туралы ойлауға да болады. Сол жақта, Құдай қаласа, өзімді жоғары дәрежеде көрсетемін»,- дейді Михина.

Естеріңзіге сала кетсек, Азия чемпионатының жеңімпаздары бірден 2019 жылғы Әлем чемпионатының қатысушысы атанады. Континентальдық чемпионатта Қазақстанды 25 спортшы таныстырады.