• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Сәуір, 2019

Азия чемпионаты: Бірінші жарыс күнінде 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді

788 рет
көрсетілді

Бүгін, 19 сәуірде бокстан Азия чемпионаты басталады. Турнирге Қазақстан әйелдер мен ерлер командалары қатысады деп хабарлайды Olympic.kz

Алғашқы күні қазақстандық сегіз боксшы шаршы алаңға шығады.

Таңертеңгілік сессияда (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 12.30-дан бастап) Қайрат Ералиев (56 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Василий Левит (91 келі), Саматәлі Төлтаев (64 келі) медальға таласады.

Ал кешкі сессияда Анвар Мұзаппаров, Милана Сафронова (64 келі), Қамшыбек Құнқабаев (91 келі жоғары), Сәния Сұлтанқызы (57 келі) өнер көрсетеді.