Кездесу барысында тараптар қос мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін талқылады.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тұрақты негізде жалғастыруға ниеттерін растады.