• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 19 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады

1071 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер; бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыруды тапсырды.

Ә. Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.