Жамбыл облысы аумағында жоғалып кеткен 1982 жылы туған малшы бес күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға 2 мамыр күні болған. Малшы Тәтті ауылы маңындағы құмды аймақта мал бағып жүрген кезде байланыссыз қалып, жоғалып кеткен.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мамандары, кинологтар, сондай-ақ дрондар мен авиация тартылған.
Астанада 15 жастағы жасөсіпірім жоғалып кеткен
Нәтижесінде ер адам жоғалған жерден шамамен 35 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалығы аумағынан табылды. Сонымен қатар оның жоғалған малы да анықталды.
Дәрігерлік көмек қажет болмағаны айтылды.
Бұған дейін Алматы облысы аумағында екі адамның құдыққа құлап кеткен оқиғасы тіркеліп, олар құтқарылған болатын.