Астанада бүгін, 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;• №065/у нысанындағы медициналық анықтама;• №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;• 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.
Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.