• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2019

«Батыс» ӨҚ офицері «Atyrau Marathon-2019» марафонында жеңімпазы атанды

1108 рет
көрсетілді

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған «Atyrau Marathon - 2019» қайырымдылық марафон жарысына 50-ден астам әскери қызметші қатысып, төртеуі жүлделі орын иеленді. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

- Биылғы жылы жүгіру ең жаппай болды және Қазақстанның барлық өңірлері мен шетелден үш мыңға жуық қатысушының басын қосты. Қатысушыларға 42, 21, 10, 3 және 1,2 шақырымды жүгіріп өтуге тура келді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов.

3 шақырым қашықтықта «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының офицері подполковник Тайлан Ахметов жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер үштігіне Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшісі  аға сержант Амангелді Иманов ілінді. Ал ең ауыр 42 шақырымдық дистанцияда 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 3 орынды иеленді. Аға лейтенант Сергей Садриев 26-36 жас аралығында 3 болып мәре сызығын кессе, аға сержант Жасұлан Жұмағұлов 18-25 жас аралығда үштікке кірді. Барлық қатысушылар естелік медальдарға, ақшалай жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.