• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2012

Дамуға негіз қаланған

346 рет
көрсетілді

Дамуға негіз қаланған

Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:55

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан СЫДЫҚОВТАН Елбасының конференцияда алғашқы күні айтқан ойлары туралы және Негізгі заңымыздың мәні мен маңызы жайлы пікірін айтып беруін сұраған едік.

– Елбасы осы конферен­ция­ның алғашқы күні Консти­ту­ция­ның мәні мен маңызы туралы жаңа ойларымен бөлісті. Осыған өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.

 

Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:55

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан СЫДЫҚОВТАН Елбасының конференцияда алғашқы күні айтқан ойлары туралы және Негізгі заңымыздың мәні мен маңызы жайлы пікірін айтып беруін сұраған едік.

– Елбасы осы конферен­ция­ның алғашқы күні Консти­ту­ция­ның мәні мен маңызы туралы жаңа ойларымен бөлісті. Осыған өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.

– Елбасының кешегі жиында айт­қан ойлары шынымен де қазіргі біз­дің қоғам үшін өте маңызды, құнды болып отыр. Бұл кон­фе­рен­цияның өтуінің өзін мен кез келгеніміз үшін маңызды деп айта аламын. Өйткені, Конституция де­ге­німіз – бұл біздің өміріміздің ажы­рамас бір бөлігі, мем­леке­ті­міз­дің Негізгі Заңы. Елбасы кешегі жиында көп мәселені көтерді. Әлеу­меттік саланы дамыту, халықтың әлеу­мет­тік жағдайын жақ­сарту, оның жолдары туралы жақсы айтты. Прези­денттің осы пікірлері бәріміздің көңі­лімізден шықты, ойымызды дөп басты. Сол кон­фе­рен­ция­ның жал­ғасы ретінде енді, міне, Еуразия ұлттық университетінде үлкен жиын өтуде. Оған біздің ғалымдар, оқытушылар құрамы бәрі атсалыс­ты. Бұл жерде біз Елбасының ке­шегі жиында айтқан ойларын оқыту­шы­ларға, студенттерге жет­кізуді мақсат етіп отырмыз.

Жалпы, өзгеріссіз ешнәрсенің бол­­майтыны белгілі. Өзгеріс деге­німіздің өзі табиғаттың заңдылығы. Ал өз­ге­ріс болмаса онда догма болады. Сон­дықтан Мемлекет бас­шы­сы­ның бола­шақта Ата Заңы­мыз­дың заман ағы­мына сай өзгеруі мүмкін екені туралы айтқан пікі­рімен толық қосы­ла­мын. Солай болу керектігіне келі­се­мін. Биыл Конституцияның бүкіл­халық­тық референдум арқылы қа­былданғанына 17 жыл толып отыр.

– Дәл қазір Конституцияны өз­ге­ртуге бола ма?

– Біздің елде бұл мәселемен айналысатын арнайы органдар бар. Бұл мәселе солардың құзыретіне жа­тады. Яғни егер заң шығарушы органымыз Парламент пен соны ха­лыққа жеткізуші жергілікті мәс­лихаттар өзгеріс қажет десе, онда өзгерістер жасалуы мүмкін. Негізі, қазіргі қолданыстағы Конституциямызда еліміздің дамуына, өсіп-өр­кендеуіне барлық заңдық негіз бар деп ойлаймын.

Әңгімелескен

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».