• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2012

Жемқордың атын айтқан сыйақы алады

256 рет
көрсетілді

Жемқордың атын айтқан сыйақы алады

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:22

Еліміздегі шенеуніктер ара­сын­да дендеген сыбайлас жем­қорлықты жою мәселесі көптен бері жыр болып келеді. Алайда, қаншалықты қатаң жазалар мен түрлі алдын алу шаралары қамтылғанымен сүйек­ке сіңген әдеттен қолына билік тиген арамтамақтар арыла алар емес. Олар күннен-күнге сы­бай­­ласқан күйі қазынаның қар­жысын қымқырып, ел бай­лы­ғының бүйірін қусырып барады. Сондықтан арам жолмен тап­қан ақшалары бойларына дарымай қайта құсулары үшін оларды кез келген адам сау­сақпен шұқып көрсете алатындай амал қолға алынды. Соның бірі де бірегейі, үстіміздегі жыл­ғы 23 тамызда Үкіметтің қау­лысымен Сыбайлас жемқор­лық құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­ресте өзге де жолмен жәр­дем­дескен адамдарды көтермелеу шарасы болып табылады.

Бұл амалдар «Сыбайлас жем­қорлықпен күрес туралы» Заңның 7-бабының 2-1-тарма­ғын орындау мақсатында қа­был­данды, яғни осы қағидалар бойынша сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күресте жәр­дем­дескен адамдарды көтермелеу тәртібі анықталады. Ол бойынша кез келген адам сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте жәрдем беру үшін орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау дерегі туралы тиісті орындарға тез хабарлап немесе сыбайлас жем­қор­лық қыл­мыс жасаған іздеу­дегі адамның жүрген, тұрған жері туралы нақты ақпарат бере алады. Сонымен қатар сыбайлас жем­қорлық құқық бұзу­шы­лықты немесе қылмысты анық­тау, жолын кесу және ашуға септігін тигізетін өзге де мәні зор көмегін көрсетуіне молынан мүмкіндік туып отыр.Әрине, көтермелеу ақшалай сыйақысы әлгі адам берген ақ­парат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енсе, және айыптау үкімі заңды кү­шіне еніп, ақталмайтын не­гіз­дер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағ­дай­да ғана төленеді. Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері сы­байлас жемқорлық құқық бұ­зушылық немесе қылмыстың ауырлығына сәйкес бел­гілен­ген.Атап айтқанда, сыбайлас жем­қорлық құқық бұзу­шылық­тар туралы әкімшілік істер бойынша біржолғы ақшалай сыйа­қы­ның мөлшері 30 айлық есеп­тік көрсеткішті, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қыл­мыстық істер бойынша – 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс­тер бойынша – 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс­тық істер бойынша – 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК құрайды. Егер деректі жеткізген адам мұндай бері­летін қомақты ақшалай сый­- а­қы­дан бас тартқан жағдайда, ол арнайы мақтау қағазымен марапатталып немесе алғыс жарияланады.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы ха­бар­лаған немесе сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен әрбір аза­матқа құпиялық пен мем­лекеттік қорғауға кепілдік беріледі. Көтермелеуді қаржы­лан­дыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүр­гізіледі. Марапаттау туралы құ­жатты қаржы полициясы тер­геушілері мен басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар көтер­ме­леуге құқығы пайда болған күннен бастап 10 күн ішінде дайындап, тиісті орынға қарау­ға жібереді. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап 15 күн ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.Мұндай тиімді амалдың бо­лашағы бар екенін халық көріп отыр. Өйткені, заңсыз байып жат­қандардың көп екенін ес­кер­сек, қарапайым адамдар, көр­ші-көлемдер, қызметтестер көр­­ген-білгендерін жасырып қал­майтындықтары сөзсіз. Се­бе­бі, бір айлық жалақыға өмір сүріп жатқандар мен сыбайласып жеп жатқандардың әре­ке­тін бүгінде көрмеу мүмкін емес. Ендеше, әзірге айдарынан жел есіп, мұрты майланып, қар­ны жер сызып, заңсыз тап­қан ақшаның салмағынан тал­таң­дай басып жүрген талай сыбайластар сазайын тартады деп үміттенеміз. Дегенмен, кө­тер­ме­леуді алу мақ­сатында кө­рінеу жалған ақпа­ратты ха­барлаған адам Қазақ­стан Рес­публика­сы­ның заңда­рына сәй­кес жауап­кершілікке, тіпті, қыл­мыстық жауап­кер­шілікке дейін тартыла­тын­ды­ғын ескерген жөн.Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».