Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:17
Біздің еліміз аттестаттау атты ауқымды шараға кіріспестен бұрын көптеген шет елдің бұл бағыттағы ісін іріктеп, жан-жақты саралап, таразыға тартқаны рас. Оған дәлел ретінде бірқатар шет елдер тәжірибесі туралы айтуымызға болады. Мәселен, АҚШ, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Швеция, ТМД секілді елдердің заңдары жетік зерттелген.
Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:17
Біздің еліміз аттестаттау атты ауқымды шараға кіріспестен бұрын көптеген шет елдің бұл бағыттағы ісін іріктеп, жан-жақты саралап, таразыға тартқаны рас. Оған дәлел ретінде бірқатар шет елдер тәжірибесі туралы айтуымызға болады. Мәселен, АҚШ, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Швеция, ТМД секілді елдердің заңдары жетік зерттелген.
Соның бірі Англияда 2010 жылы құқық қорғау органдарының қызметін оңтайландыруға бағытталған «Полицияны реформалау мен әлеуметтік жауапкершілік туралы» заң қабылданды. Осы заңның арқасында 2011 жылы Ұлыбритания полициясы 3,2 пайызға қысқарды.Сол сияқты 2012 жылы Шотландияда полиция мен өрт сөндіру қызметін реформалау жөніндегі заң қабылданды. Соның аясында аталған мемлекеттік құрылым қызметін оңтайландыру нәтижесінде қызмет тиімділігі артты.Ал Польшадағы құқық қорғау жүйесіне реформа жүргізу барысында аталған елдің полиция қызметінің тиімділігі айтарлықтай өсті. Мұндағы пікірі сұралған халықтың 72 пайызы полиция қызметкерлеріне сенетіндігін айтып, ал 68 пайызы полиция жұмысын жақсы деп санайды.Осыған ұқсас реформалар Балтық жағалауы елдерінде де жүзеге асырылғаны белгілі.Ресейде 2010 жылдан бері құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Жүргізілетін жұмыстың стратегиялық бағыты «Полиция туралы» федералдық заңында бекітілген. Осы аталған заң актісінің арқасында 2011 жылдың 1 наурызынан бастап 1 тамызға дейін Ресейдің ІІМ қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Соның нәтижесінде 226900 адам ІІМ органынан босатылды, бұл жалпы санның 22 пайызын құрайды.Көрші елде бұдан басқа 340 генералдың 143-і аттестаттаудан өте алмай қалды. Ал жоғары басшылық құрамның 73 жетекшісі негізгі міндеттерін атқаруға талапқа сай келмегендіктен басқа лауазымдарға ауыстырылды.Біздің елдегі жағдай бұдан басқаша екендігі белгілі. Бірақ осы жүргізіліп жатқан сынақтың бір оңды нәтижесі болатындығына, әйтеуір, бір сенім бар. Өйткені, шет елдердің, соның ішінде аталған Ресейдің тәжірибесіне байланысты олардың тәуелсіз сарапшыларына құлақ түрсек, бұл шара ІІМ кадрлық құрамын айтарлықтай қысқартуға және өзгертуге, жалпы құқық қорғау жүйесін, соның ішінде басшылық құрамын жаңартуға септігін тигізіп, сыбайлас жемқорлықты азайтуға әсер еткен көрінеді.Ал енді біздің еліміздің ІІМ мәліметі бойынша жалпы аттестаттауға 75 347 қызметкер жатқызылған екен. Үстіміздегі жылғы 6 қарашаға дейін 72 602 қызметкер әңгімелесуден өтіпті. Оның 158-і Жоғары аттестаттау комиссиясынан, 3139-ы Орталық аттестаттау комиссиясынан, 69 305-і өңірлік аттестаттау комиссиясы сынағынан өткен.Сөйтіп, Жоғары аттестаттау комиссиясы қорытындысы бойынша 132 адам атқарып отырған қызметтеріне лайықты, 26 адам лайықты емес, 10 адамға қызметінен төмендетілуге, 5 адамға басқа қызметке ауысуға және 11 адамға жұмыстан шығуға шешім қабылданды.Ал Орталық аттестаттау комиссиясы нәтижесі бойынша 2505 адам атқаратын лауазымына лайықты, 633-і сәйкес емес, 286-сы лауазымынан төмендетілуге, 135-і басқа қызметке ауысуға және 212 адам жұмыстан шығарылсын деген шешім қабылданды.Сол сияқты Өңірлік аттестаттау комиссиясы нәтижесі бойынша да 59 302 лауазымына лайықты, 10003 сәйкес емес, 2457 лауазымынан төмендетілуге ұсынылды, 3863 адамға басқа қызметке ауысуға ұсыныс жасалды және 3683 адам қызметінен босатылуға жатқызылды.Сөйтіп, осы уақытқа дейін аталған шара арқасында ішкі істер органдары бойынша 61940 адам атқаратын лауазымына лайықты болса, 10662 адам лауазымына сәйкес келмеді, 2753 адам лауазымынан төмендетіліп, 4003 адам басқа қызметке ауысты және 3906 адам жұмыстан шығарылды. Бұған қоса кезектен тыс аттестаттаудан өз еріктерімен бас тартқандықтан ішкі істер органдарынан 1993 адам қызметтен босатылды.Әрине, мұндай үрдіс еліміз бойынша қызу жүргізілуде. Мәселен, Астана қаласы ішкі істер департаменті құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қорытындыларын шығарды, деп хабарлады астаналық ІІД баспасөз қызметі. Кезектен тыс өткізілген аттестаттау барысында полиция қызметкерлері заңдарды білу бойынша және психологиялық тест тапсырып, дене даярлығы және нысана көздеу дайындығы бойынша өз деңгейлерін көрсеткен болатын. Аттестаттаудың соңғы кезеңі – әңгімелесу барысында комиссия мүшелері қорытынды жасай отырып, соңғы шешімді бекітті. Елордалық ішкі істер департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, аймақтық аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес 115 қызметкерді жұмыстан босатып, 124 қызметкердің лауазымын төмендету ұсынылған. Астаналық полиция гарнизоны қызметкерлерінің жалпы санының 76,7 пайызы өз лауазымдарына сәйкес келеді, кадрлық резервке енгізуге немесе жоғары лауазымға ауыстыруға ұсынылғандар – 4,0 пайыз, басқа қызметке ауыстырылатындар 10,1 пайызды құрады.Сол сияқты Алматы облысының 837 полиция қызметкері аттестаттау комиссиясының шешімімен лауазымына сай емес деп танылған, олардың ішінде 113-інің лауазымын төмендетуге, 553-ін басқа қызметке ауыстыруға, ал 171 адамды жұмыстан босатуға ұсыныс жасалған. ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аймақтық аттестаттау комиссиясы демалыста, іссапарда болған немесе белгіленген уақыт ішінде тест тапсырып үлгермеген мамандардың психологиялық тұрақтылығы, логикасы мен әскери дайындығын тексеруде көрінеді. Демек, ендігі міндет Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың сәуір айында еліміздің құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы қол қойған Жарлығының ойдағыдай жүзеге асуына барынша атсалысу. Осы құжатқа сәйкес, еліміздің Бас прокуратурасы, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы), Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері жыл аяғына дейін аттестаттаудан толық өтіп болуы керек. Сонда құқық қорғау органдарын реформалаудың кезекті бір биік асуы да алынбақ.
Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».
Білім мен білік
Елбасының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінде де белгіленген талапқа сай кезектен тыс сынақ болды. Қаржы полициясы қызметкерлері заңнама шеңберінде жоғары аттестациялық комиссия, орталық аттестациялық комиссия және аймақтық аттестациялық комиссия сынақтарынан төрт кезең бойынша өтті. Онда психологиялық ұстамдылығын тексеру, физикалық дайындығын, шымырлығын және мылтық атудан көздеген нысанаға тигізу, кәсіби біліктілігі мен заңдылықты білуден компьютерлік тестілеу сынақтары мен әңгімелесу бойынша білім мен білік таразыланды. Нәтижесінде елордадағы жоғары аттестациялық комиссия сынағынан Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің бастығы, қаржы полициясы полковнигі Айдар Балтағұлов мүдірмей өтті. Ал оның екі орынбасары сынақтан сүрініп, қаржы полициясы органы қызметінен босатылса, үшінші орынбасары атқарып отырған қызметіне лайық емес деп танылып зейнеткерлік демалысына жіберілді.Астана қаласындағы орталық аттестациялық комиссия сынағына Алматы облысынан 17 қаржы полициясы қызметкері қатысқан еді. Олардың 11-і атқарып отырған қызметіне лайық деп танылып, бір қызметкер жоғары лауазымды қызметке ұсынылды. Үшеуінің лауазымы төмендетілсе, екеуі аттестациялық сынақтан өтпей кадрлық резервке қалдырылды.Талдықорғанда аймақтық аттестациялық комиссия сынағына қаржы полициясының 171 қызметкері қатысуы керек болса, оның біреуі денсаулығына байланысты дәрігерлік анықтамамен сынақтан босатылып, өзгелері толығымен қатысты. Атқарып отырған лауазымына лайық емес деп танылып, қаржы полициясы органынан 14 қызметкер босатылып, төртеуіне өзге қызметке ауысу ұсынылып, жетеуінің лауазымы төмендетілді. 12 қызметкерді жоғары лауазымды қызметке ауыстыру ұсынылып, кадрлық резерв есебіне қойылды. Өзгелері заңнама шеңберінде сынақтан өтті.Барлығы төрт кезеңнен тұратын аттестациялық комиссия құрамына дәрігерлер, қаржы полициясының ардагері, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өкілі және БАҚ өкілі ретінде жолдардың авторы енгізіліп, қоғамдық жақсы пікір туындатып, заңдылықтың сақталып, таза әрі әділ өтуіне ықпал етті. Бір қуанарлығы сынаққа қобалжып, толқып келген қызметкерлерге қаржы полициясының кәнігі қызметкерлері психологиялық тұрғыда қолдау көрсете білді.Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.