• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2012

Forbes: Қазақстаннан әкеткен қаржысына Храпунов отельдер мен виллалар сатып алып жатыр

404 рет
көрсетілді

Forbes: Қазақстаннан әкеткен қаржысына Храпунов отельдер мен виллалар сатып алып жатыр

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:13

Қазақстаннан қашып кеткен Виктор Храпунов пен оның отбасының Швейцария олигархтарының арасында байлық жөнінен бірте-бірте жоғары көтеріле түскені туралы хабарлар біз­дің елімізге дүркін-дүркін жету үс­тін­де. Осы тақырыпта қалам тербеген отандық журналистер: «Біздің адамдар Швейцарияда да көзге түсуде» деген сөзді мысқылмен жазатын болды. Дегенмен, бұл сөздің ащы болса да шындығын Храпуновтар отбасы уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Олар тіпті, өздерінің жылжитын-жылжымайтын мүліктерді сатып алу қарқынымен швейцариялық қоғамды таң қалдыруда.

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:13

Қазақстаннан қашып кеткен Виктор Храпунов пен оның отбасының Швейцария олигархтарының арасында байлық жөнінен бірте-бірте жоғары көтеріле түскені туралы хабарлар біз­дің елімізге дүркін-дүркін жету үс­тін­де. Осы тақырыпта қалам тербеген отандық журналистер: «Біздің адамдар Швейцарияда да көзге түсуде» деген сөзді мысқылмен жазатын болды. Дегенмен, бұл сөздің ащы болса да шындығын Храпуновтар отбасы уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Олар тіпті, өздерінің жылжитын-жылжымайтын мүліктерді сатып алу қарқынымен швейцариялық қоғамды таң қалдыруда. Алматының бұрынғы әкімі В.Храпуновтың қаржыны оңды-солды шашып жатқандығы туралы еуропалықтардың пікірі қазір Қазақ­стан­ға да жетіп отыр.

Жуықта Forbes Kazakhstan журналы өзі­нің ақпараттық порталында Алматының бұ­рынғы әкімі Храпуновтың Женева қала­сын­дағы ең бір қымбат ауданда орналасқан сәнді-салтанатты сарайының суретін жа­риялады. Храпуновтар отбасы­ның Қазақстан мен Швейцариядағы иелік еткен жыл­жы­май­тын мүліктері мен жер телімдерінің то­лық тізімі осы суретпен қоса берілген. Олар – Алматыдағы пә­терлер мен саяжайларды, паркингтерді, сауда және демалыс орын­да­рын, басқа да ғимараттарды қосып алған­дағы 37 бағалы нысан.Сонымен қатар, Швейцариядағы вилла­ла­рдан, пәтерлерден, қонақүйлерден, ірі офис­тері мен мейрамханалардан тұратын 14 аса бағалы мүлік.Сөйтіп, швейцариялық миллионерлер қатары Храпунов деген фамилияға ие бір­не­ше адаммен толыға түсті. Олар Алма­тының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, оның әйелі Лейла Храпунова, баласы Ілияс Храпунов, келіндері Эльвира Храпунова – Бильдимани. Сонымен, Храпуновтардың Қа­зақстаннан алып кеткен қаржысын Швей­царияда жа­рия­лау ісі барынша қар­қынды және сәтті жүзеге асу үстінде деп қоры­тынды түюге болады.Құрылыс пен жылжымайтын мүлік – бұлар аталған олигарх отбасының Женева­дағы айналысып жатқан жаңа шаруалары. В.Храпуновтың шетелден жылжымайтын мүлік сатып алғаны жөніндегі деректер бұрын да еміс-еміс естіліп қалатын. Осы­лар­ға қосымша 2007 жылы ол Женева көлінің сол жағалауынан сән-салтанаты келіскен вилла сатып алады. Бағасының өзі таңға­ларлық. 32 миллион франк тұрады. Вил­ла­ның барлық құжаттары сол кезде есімі ешкімге белгісіз Эльвира Храпунова-Биль­ди­манидің атына тір­кел­ген.Ал 2012 жылы В.Храпунов «сиқыршы­ның таяғындай» деп айтуға лайық жаңа байлықтардың тұтас тізбегін жасап үл­герді. Құрамында 24 салтанатты рези­ден­циясы бар HotelduParc қонақүй кешенін ашты. Бұл кешеннің салынуы мен ашылуы олигархтың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қа­зақ­станға қарсы әрекеттерді күшейте түскен кезімен тұспа-тұс келген еді. Сарапшылар Храпуновтың ол күмәнді науқанды жүр­гізуін екі фактормен түсіндіруде.Біріншіден, Храпуновтың құрылысты аяқтауға қаржысы жетпей, ол Қазақстаннан қашқан екінші бір алаяқ олигарх М.Әбі­л­әзовтен қарыз сұрауға мәжбүр болуы мүм­кін. Ал ол өз кезегінде құдасынан Қазақстан ту­ралы бұқаралық ақпарат құралдарында 2-3 айғайшыл мәлімдеме жасауын өтінуі де ғажап емес.Екіншіден, Храпуновқа мұндай шу шы­ғару жөніндегі ақылды оның айналасындағы пиаршылардың беруін де жоққа шығаруға болмайды. Мұндай тәсіл Батыста жиі қол­данылады. Өйткені, осы арқылы қызмет көр­сету саласындағы өз бизнесіңді дамыта тү­суге болады. Мәселен, Храпуновтың салған қонақүйлеріне қоғамның назары ауып, қызық та болса оның қызметін пайдаланып көруге ұмтылушылар қатары көбейе түс­песіне де кім кепіл?

Жеңіл ақшаның буы

В.Храпуновтың Қазақстаннан қашып жүрген алаяқ Әбіләзовке құда болып келе­тіндігін жоғарыда айттық. Оның ұлы Ілияс Әбіләзовтің қызы Мәдинаға үйленген. Қа­зақстанда Әбіләзовке қаржы алаяқтығын жасады және талан-таражға салды деген айып тағылған.2012 жылдың 16 ақпанында Лондонның жоғарғы соты Әбіләзовті сотты сыйла­ма­ғандығы үшін 22 айға түрмеге отырғызу жөнінде үкім шығарды. Бұл үкім оның БТА банкінен ақша ұрлағандығы жөніндегі ісі бойынша сот жүргізу аясында шығарылды.Шамасы, Әбіләзов өзінің мол қаржысы арқылы бір кездері Қазақстанда үлкен қыз­метте болған құдасының басын ұзақ ай­налдырған болуы керек. Әбіләзов үшін Хра­пуновтың қандай гөй-гөйге басатындығы маңызды емес еді. Оған маңыздысы, әйтеуір, қоғам алдында бір шу шығару.Құдасы ұсынған көп ақшадан шамасы, Храпуновтың басы айналған болса керек, тіпті ол өзімен бірге сыбайластарының өзде­ріне Алматыдағы табиғи қорғалатын ай­мақ­та элиталық үйді қалай тұрғызғандары туралы мәліметтерді де жариялап жіберді. Сөй­тіп, біреудің қолымен жазылған бүркеншек сұхбатта Храпуновтың өзін-өзі  әшкере қы­латын сәттері де аз кездеспейді.Мұнда әйелінің «Вилед» фирмасы ар­қы­лы ұрланған капиталдар, Алматы әуе жайы мен жол қиылыстарын салу кезінде қандай пайда тапқандықтары туралы әңгімелердің бәрі бар.Мойындаудың мұндай қарқынды­лығы­мен, сарапшылардың пікірінше, Храпу­нов­тың ізіне Еуропаның елдерінің өзі де түсуі әбден мүмкін. Алайда, кейіпкеріміздің орыс тілінде жазылып алынған бұл шатпақтарына әзірге швейцариялық заң органдары бә­лендей назар аудармай отыр.Храпуновтың Қазақстаннан заңнан тыс жолдармен жинап алған қаржысы қазіргі күні бөтен елдің экономикасын нәрлендіру үстінде. Әдетте, Швейцарияның жеке­ мен­шік банктері өздеріне келіп түскен қара­жаттың тарихына көп мән бере бермейді. Мәселен, бір кездері мұндағы банктерде гит­лерлік Германия мен большевиктік Ресейдің, Оң­түстік Америка мен Үлкен Магриб дикта­торларының өз қаржыларын сақтағандығы туралы деректерді еске алып көрейік.Бұл деректер тіпті оқулықтарға да енген болатын.Храпуновтың миллиондары басқа да күмәнді активтер қатарында  осы ортаға сіңісті болып кетуі ғажап емес. Бәлкім, сон­дықтан да бұл ортада Храпунов әрекеттеріне бәлендей назар аударылмауы әбден мүмкін.

Храпуновтың кезі – қылмыстың көзі

Көптеген алматылықтардың өз хаттарында жазғанындай, Храпуновтың осы қалаға басшылық жасаған кезеңі біраз күмәнді әрекеттерімен есте қалды. Міне, нақ осы кезде коммерциялық құрылыс салушы­лар­дың мүддесіне сәйкес қаланың тарихи бет-бейнесін айқындайтын ғимараттарды тал­қандау жұмыстары белең алған болатын. Бұл жағдай қала халқына жерді мемлекет қа­жетіне байланысты алу себебімен түсін­дірілді. Қаладағы орталық орамдар мен шет­кі өңірлерден жүздеген отбасылар басқа жаққа көшірілді. Олар тұрған үйлердің орнына төбесін көк тіреген сән-салтанатты ғи­мараттар пайда болды. Оларды тұрғызу­шы­лар қатарында Храпуновқа жақындығы бар адамдар да аз болған жоқ.Храпуновтың әкімдігі кезінде «Вилед» атты фирманың гүлденгендігін алматы­лық­тар әлі күнге дейін аңыз етіп айтады. «Вилед» Храпуновтың әйелінің бизнесі болатын. Лейла осы бизнесі арқылы шетелдерден қымбат тастарды сатып алып келіп, Алматыға саудалау арқылы капитал жасауға кірісті.Алматы әуежайының жаңа құрылысына қатысты шытырман оқиғалар да халық есінде. Ал осы ғимаратты тұрғызу арқылы Алматының сол кездегі әкімі Виктор Храпунов мемлекетке 9 миллион доллардың зиянын келтірген еді.Алматылықтар осы қалада Храпуновтар отбасының 54 жер теліміне иелік еткен­дік­терін де жиі-жиі еске алады. Бұл жер те­лімдерінің көпшілігі жарнама алаңшалары ретінде пайдаланылыпты. Ол телімдерді Ал­матының бұрынғы әкімі жалпы пайда­ла­нудағы жер қорынан өзіне-өзі (өз туыстарына) бөлген екен. Оның үстіне бұл жер те­лімдерінің барлығы неғұрлым халық көбірек шоғырла­на­тын көше жолдары мен жол қиылыстарының бойынан алынған. Олар «Вилед-Алматы» және  GeFest атты екі жарнама компаниясына бөлініпті. Артынан белгілі болғанындай, бұл компаниялардың құрылтайшылары, әкімнің зайыбы Лейла Храпунова мен ұлы Ілияс Храпунов болып шықты.Алматылықтар қазіргі күні Храпуновтың үстінен ашылып отырған 20 қылмыстық істің саны одан да арта түсетіндігіне сенімді. Егер тергеу орындарынан түсіп жатқан мәлі­мет­тер­ге сүйенетін болсақ, бұл отбасының мемлекетке тигізген зияны орасан. Демек, жаңа алаяқ­тық істердің пайда болуы да әбден мүмкін.Храпуновтың соңынан қазақстандық құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен қатар, қылмысты іздестіру полициясының халықаралық ұйымы Интерпол да түсіп отыр. Соған сәйкес оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі күні Храпуновтың суреті Интерпол сайтының бетінде тұр.Алматылықтар Храпуновтың Қазақ­станнан қашқан кезде бірқатар жылжымайтын мүліктерін сатуға да үлгермей тастап кеткендігі туралы да жиі-жиі әңгіме қозғап қояды. Адамдар тіпті Храпуновтың өте қымбат тұратын «Бентли» автокөлігін иесіз тұрған қалпында көргендіктерін де айтады. Өйткені, Храпунов қашқан кезде бұл бағалы мүлік ұшаққа сыймай қалған.Храпуновтың зайыбының атына Алматы қаласынан 32 жылжымайтын мүлік тіркел­ген болып шықты. Олардың қатарында Луганский көшесінің бойындағы 2 пәтер мен 2 гараж, Достық көшесінің бойындағы 1 пәтер мен 1 үй, Гоголь және Панфилов көшеле­рі­нің қиылысындағы офистік ғимарат пен қойма орын жайлары бар.Сонымен, В.Храпуновтың және оның отбасының Қазақстанда жүріп жасаған қыл­мыстық істері жетіп артылады. Күндердің бір күнінде бұл қылмыстық істерге швей­цариялықтардың да назар аударатындығы күмәнсіз.