• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2012

Ана рухына тағзым

534 рет
көрсетілді

Ана рухына тағзым

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 7:55

Аялы алақан, жан жылытар сөз, ертеңге есік ашар жол нұс­қау­шы ана ақылына не жетсін! Біз­дің анамыз қайтсем де ұл-қызымды адал азамат, ертеңгі елдің тірегі болатын адам етем деп жанталасып жүріп, өмірінің дәм-тұзы тау­сылғанын өзі де сезбей қалыпты.

 

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 7:55

Аялы алақан, жан жылытар сөз, ертеңге есік ашар жол нұс­қау­шы ана ақылына не жетсін! Біз­дің анамыз қайтсем де ұл-қызымды адал азамат, ертеңгі елдің тірегі болатын адам етем деп жанталасып жүріп, өмірінің дәм-тұзы тау­сылғанын өзі де сезбей қалыпты.

Міне, содан бері 10 жылдың жүзі өтті. Анамның жүзін көріп, ақылмен ойлана отырып айтқан әрбір сөзін енді естуге зар болып жүрміз. Оның орнын толтырар ешкім жоқ. Сол бір қиын сәтте жанымызды қоярға жер таппай, ендігі өміріміз не болмақ деп отыр­ғанда Көкпектідегі Қ.Раев атындағы балалар үйіне тап бол­дық. Содан бері қарынымызды аштырмай, киімімізді бүтіндеп, мейірімділік танытып, ана орнына ана, әке орнына әке бола білген балалар үйіндегі тәрбиеші ұстаз­дарымызға айтар алғысымыз шек­сіз. Мұнда жанары жасқа, жүрегі мұңға толы жеткіншекті келген­нен-ақ жылы жүздерімен қарсы алып, өз туған балаларындай қа­был­даған апа-ағаларымыз сан ұлт­тың балаларын тәрбие­леуде. Уақыт өте келе басқа салған іске көндігіп, көңіліміз сабыр тапты. Жаны жайсаң адамдардың тәлімі­нің арқасында бәріміз бір үйдің баласындай бір-бірімізге қамқор болдық. Сол бауырларымыздың ішінде ата-анасының кім екенін, қайда екенін де білмейтіндері қан­шама?! Балаларын бұл дүниеге әкеліп, далаға тастаған ата-аналарды Құдай өзі кешірмес. Есей­гелі өз өмірімізді, болашағымыз­ды өзіміз ойлау керек екендігін біздер жақсы білеміз. Содан да жетімдер үйін жаңадан ашқан балаларды көргенде жанымыз ашиды. Иә, ата-анасы тағдырдың жазуымен дүниеден қайтқан бала­лардың басқа қамқоршысы болмаса, амалы жоқ, жетімдер үйін паналары сөзсіз. Ал жеңіл ойлап, арзан күлкі мен арам пиғылдың нәтижесінде дүние есігін ашып, бірақ әке мен анаға қажетсіз болып қалған сәбидің тағдырына жүрегің қан жылайды. Біз өмірден өткен анамызды аңсап, оралмайтынын білсек те әрбір таңымызды аңсаумен, сағынышпен атырамыз, ал ата-анасы тірі, ойына кегенін істеп, баласын есінен шығарған ананы сағына күтіп терезеге тел­мір­ген баланы көргенде көзіңе жас келеді. Тегін, дінін, ділін біл­мейтін, ана мейірімін сезінбеген бала есейе келе тағдырына наразы болады. Тіпті кейбірі сол ренішін ашу-ызаға айналдырып, қатыгез боп өссе, кімге өкпелерсің. Әй, жас ана ертең сәбиіңнің өмірі жарқын, болашағы айқын болсын десең балаңа шамаңның келгенін­ше жылу бер. Балаң ешкімге жәу­теңдемесін десең әр қадамыңды аңдап бас дегім келеді. Балаңа сенен басқа жылу беретін адам жоқ. Рас, мемлекет оларды өз қамқор­лы­ғына алған.

Дегенмен, ананы ешкім де алмастыра алмайды. Қайран анам, сені балаларың сағына еске алады, қайтейік, амал не­шік. Сен дүниеден өткенде 5 ай­лық болып шырылдап жатқан Бақтизаң бү­гін­де елге танылып, білімді, ақыл­ды қыз болып өсіп келеді. Әйтсе де, біз өзімізді ба­қытты сезіне алмаймыз. Иә, біз бақытты болу үшін сен жанымызда болуың керек. Біз­ге тек сенің жылуың жет­пейді, ба­ла­ларың қанша қуанса да арғы жағында бір мұң ұялап тұрады, ол мұң өмір бақи жазылмайды. Ендігі Алладан сұрарым, бауырларыма амандық, дендеріне сау­лық бере гөр деп тілеймін. Ма­ған олардың амандығынан бас­қа еш нәрсенің қажеті жоқ.

Айгүл ЗӘКЕНОВА.