• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2012

Команда есебі табылған амал ма?

358 рет
көрсетілді

Команда есебі табылған амал ма?

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 8:20

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білдей мекемеге білікті деп тағайындаған азаматтардың бара салып өз командасын жи­най­тынын әлденеше рет сынға алған еді. Бірақ тізгін-шылбырды қол­­ға ала салып, бар билік менде деп төңірегіне тамыр-таны­сын, жақын-жұрағатын, тағы басқаларды жиятындар айылын тартар емес. Ел көріп, біліп отырса да Президент сөзін сырт­тай қабылдағанмен, ішкі есептерінен жаңылмай келеді.

Біз кейде өзімізде бар жұ­мыс­шыларды әкеледі деп шетелдіктерге реніш білдіретініміз бар. Ал біздің «команда­шы­лар» қазір олардан кем соғып жүрген жоқ. Мекеме қожайыны кетеді екен десе, ондағы қыз­мет­кер­лер­дің үрейі ұшады. Жаңа басшы келгеннен бастап жұмы­сым­да қал­дыра ма әлде сырғы­тып жібере ме деп әрі-сәрі күй кешеді. Мұндайда іс оңа ма? Бірін кетіріп, бірін келтіріп жүріп өзі тайып «жығылатын» басшы­лар да жоқ емес. Ең бастысы – әлгі кет­кендер мен келгендердің білігі Елбасының биылғы Жол­дау­ын­да айтылғандай: «…білімі мен кәсібилігі, жоғары мораль­дық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұ­мы­сы­ның табыстылығы өлшем­дері» талапқа сай ма дегенді саралап көретін уақыт жеткен секілді.

Мысалы, бір мекеменің, не жоғары оқу орнының басшысы ауысса, алып кел, барып кел дейтін «қолбаласынан» бастап, төңі­регі түгел «жаңарып» шыға келеді. Бұл жерде қол иініне тартатын басшы мен ертіп жүретін «қосшыларының» ішкі бақайесептері де жататынын екінің бірі біледі. Бұл Алла алдында алалау, обал-сауап бар ғой демеу, өз «командам» деп еріп келгендерге толықтай жағ­дай жасау, осы ретте, тіпті, әке­ле салып үй беру – санаға сый­майтын іс. Ал ең қиыны, сон­дай­лардың кесірінен Елбасы айтқан, мәселен, қолжетімді бас­панаға нақты мұқтаж жан­дар­дың кейінге ысырылып, үкі­леген үміті желге ұшатыны өкі­нішті-ақ.

Сабан астынан су жібергендей, кейбір басшылардың аз жұрт­ты осылайша алалайты­нын ешкім жоққа шығара алмас. Осы бір келеңсіздікті көр­генде, команда – есебі табылған амал ма деуге тура келеді-ақ.

Сүлеймен МӘМЕТ.